Сіз назар аударуыңыз керек ең бірінші нәрсе-мәлімделген қызметті жүргізуге лицензияның болмауы. Сізге ресми құжаттар көрсетілсе де, оны қайта тексерген дұрыс.
Лицензиясыз компанияға ақша салу мүмкін емес. Ақша салғалы жатқан компанияның бойынан төмендегідей белгілер байқасаңыз, тез арада ойыңыздан бас тартыңыз.
1. Ұйым мемлекеттік тіркеуден жақын арада өткен және де жалғыз құрылтайшысы болу ықтималдығы жоғары.
2. Ұйым белсенді тұрде жарнамаларды және нарықтық деңгейде әлдеқайда жоғары, бұрын соңды болмаған жоғары кірісті уәде етеді. Қор нарығында мұңдай мәлімдемелерге тыйым салынады.
3. Ұйым өз салымшыларына ақшаны жоғарылатудың ықтималдығының 0% ға тең екендігін және ешқандай тәуекел жоқ деп сендіреді. Алайда, инвестициялық компаниялар инвестицияның тәуекелдерін міндетті түрде ескертеді.
4 . Үлкен көлемдегі дивиденттер алу үшін, алдын-ала жарна құю қажет екендігін айтады, әдетте қолма-қол ақша сұрайды. Бұл қаржылық пирамиданың айқын белгісі.
5. Егер компания сіздің ақшаңызды жоғары кірісті кәсіпорындағы (мұнай немесе алтын өндіру, құрылыс) инвестициялаймын десе, осы қызметтің құжаттамасын сұраңыз. Құжаттары жоқ болса – 100% алаяқтар.
6. Келісімшарт негізінде ұйым салымшылардың қаражатын өз жауапкершілігіне алатыны немесе алмайтыны түсініксіз болады. Немесе тіпті жауапкершілік алмайтындарын айтады. Бұлай болған жағдайда салым салудан бас тартыңыз.
7. Сізден өзге салымшыларды шақыру арқылы көп табыс табуға мүмкіндік барын айтады. Бұл дегеніміз қаржылық схеманың таза емес екендігін айқын дәлелі.
Ескеру: Қаржылық пирамиданың құрбаны болсаныз құқық қоғау органдарына хабарласыңыз.