Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы — Төрттаған
Воскресенье, 3 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы

18.07.2024
Қоғам
0
 Қаржы пирамидалары мен қаржы алаяқтарға алданбаудың жолы — қаржылық сауаттылықты арттыру

2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында Бас прокуратураға алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды.

Мәселенің өзектілігі аталған қылмыс түрлерін тіркеудің тұрақты өсуіне және жәбірленушілердің көптігіне байланысты болды.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Осыған байланысты, Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесіп 2022 жылға арналған алаяқтықтарға (интернет-алаяқтықтарға) және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешенін қабылдады, деп жазады Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Іс-шаралар кешеніне құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын күшейту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіру (жедел ақпарат алмасу, жедел-тергеу қызметкерлері үшін бейінді оқыту жүргізу, IT бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеу және енгізу, жауапкершілікті күшейту және т.б.) жөніндегі шаралар кіреді.

Атап айтқанда, Бас прокуратура сұраныстарды санкциялау рәсімін сақтай отырып, банктік шоттар мен ақша қаражаттарының қалдығына сұраныстарды жіберу бөлігінде Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі әмбебап сервисі жобасын іске асырды.

Бұл ақпарат алмасуды жеделдетуге және кибер алаяқтардың 10 қылмыстық тобын ізін суытпай әшкерелеуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Шымкентте бес адамнан тұратын құқық бұзушылар тобы өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, азаматтарға несие ресімдеп, қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын пайдалана отырып, ақша қаражатын жымқырған.

Интернет-алаяқтықтарды ашу және Қазақстанның Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясына қосылуы бойынша халықаралық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде шаралар қабылдануда.

Осы жұмыстардың шеңберінде Украинаның Ұлттық полициясымен бірлесіп, телефон арқылы алаяқтық жасаған 32 адамнан тұратын Халықаралық қылмыстық топ жойылды.

Полиция органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция бөлімшелері үшін интернет желісін мониторингілеуге, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде құқық бұзушы-пайдаланушыларды анықтауға арналған қазіргі заманғы жабдықтар мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алды.

Аумақтық полиция бөлімшелерінде осы санаттағы істерді ашуға және тергеп -тексеруге мамандандырылған тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттерді электрондық тәсілмен беру қағидаларына өзгерістер енгізді және қарыз алушыларды аутентификациялаудың қосымша тәсілдерін енгізді.

Бас прокуратура Қаржылық мониторингі агенттігімен бірлесіп, әлеуетті қаржы пирамидаларын ерте анықтау тетігін енгізді, азаматтардың жаппай тартылуына жол бермеуге мүмкіндік беретін ұйымдастырушылық-түсіндіру және алдын алу шараларын қабылдады.

Аталған жұмыстың шеңберінде дивидендтер алу сылтауымен 580 салымшыны заңсыз тарту фактісі бойынша «GAP» компаниясының басшылары қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Банктер операциялардың күшейтілген мониторингісіне және күдікті клиенттермен іскерлік қатынастарды тоқтатуға бағдарланған. Осындай  179 адаммен  іскерлік қатынастар орнатудан бас тартылды.

Құқық бұзушылықтың осы түрінің профилактикасы үшін БАҚ-та 4 мыңнан астам материал, посттар мен бейнероликтер жарияланды, сондай-ақ халықты СМС-құлақтандыру жүргізілді.

Өңірлерде «Заң керуені» көшпелі акциялары өткізілді, оның барысында прокуратура мен полиция қызметкерлері халыққа қаржы пирамидалары мен алаяқтықтан сақтық шаралары туралы тиісті түрде жеткізді.

Қабылданған шаралар осы қылмыстардың санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді. 2022 жылы жасалған интернет-алаяқтықтың саны 4% — ке, Интернет желісі арқылы микрокредиттер беруге байланысты алаяқтықтардың саны 28%-ке, сондай-ақ қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері 27%-ке төмендеді.

Сонымен қатар кибер қылмыскерлер өздерінің алаяқтық сұлбаларын  әркез жетілдіріп отырады. Көбіне, халықтан алдау арқылы ақша алу үшін өздерін күштік құрылымдардың қызметкерлері ретінде таныстырады, жетекші компаниялардың логотиптерін, танымал медиа тұлғалардың және жоғары лауазымды адамдардың суреттерін пайдаланады.

Қылмыстың осы түрлеріне қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Интернет-алаяқтық туралы не білуіміз керек?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Облыста үй немесе жер алу бойынша тіркелген алаяқтық фактілер азаймай тұр

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
4
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.