Азаматтарды арбауда қолданылатын танымал схемалар — Төрттаған
Воскресенье, 20 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Азаматтарды арбауда қолданылатын танымал схемалар

08.07.2024
Қоғам
0
Ең танымал алаяқтық тәсілдерін қарайық

Қаржы алаяқтары қолданатын алты танымал схема.

Бірінші тәсіл — кредиттерді немесе өзге де міндеттемелерді өтеу.

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

Бұл схеманы алаяқтар адамның заңды және жеке тұлғалар алдында кредиттері немесе өзге де міндеттемелері болған кезде пайдаланады. Алаяқтар қарыз алушыға мәселені шешуді немесе кредит төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алуды ұсынады. Ол үшін қарыз алушы кредит сомасының бір бөлігін (10-нан 40%-ға дейін) төлеуі қажет. Мысалы, егер қарыз алушының 300 000 теңге мөлшерінде кредит бойынша берешегі бар болса, онда «мәселені шешуді» ұсынған адамдарға 50 000 теңге төлеу арқылы қарыз алушы қарызының барлық сомасынан құтылады-мыс. Шын мәнінде, алаяқтар мәселені одан әрі шешу үшін қажет деп қосымша ақша сомасын сұрайды. Нәтижесінде клиенттің қарызы өтемейді, бұл өз кезегінде қосымша шығыстарға (айыппұлдар, өсімақылар және т.б.) әкеледі, деп жазады fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Екінші тәсіл – ұтыс қою арқылы пайда табу.

Схеманың мәні мынада: жеке тұлғамен байланысқа шығып, қысқа мерзімде (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) букмекерлік кеңселерде ұтыс қою арқылы үлкен ақша табуға уәде беру. Белгілі бір соманы салғаннан кейін қатысушыға оның ставкасы ұтты деп хабарланады, бірақ ұтысты алу үшін комиссия төлеу керек, комиссия төленгеннен кейін тағы қосымша ақша сомасын төлеу қосылады және т.б. Нәтижесінде қатысушы уәде етілген соманың жартысына жуығын алаяқтарға төлейді, содан кейін алаяқтар ізін суытады.

Мөлшерлемелердің жұмыс қағидаты мынадай. Шағын тәуекел – сыйақы төмен, жоғары тәуекел – сыйақы жоғары. Сондай-ақ букмекерлік кеңсенің комиссиясы да бар. Мысалы, егер мөлшерлеменің 2 шығысы (50/50) болса, онда ұтқан кезінде қатысушы орташа алғанда мөлшерлеме сомасының 85%-ын алады, ал ұтылған кезде қатысушы мөлшерлеме сомасының барлық 100%-ын жоғалтады. Бұл ретте ұтыстың 15%-ын алаяқтар комиссия ретінде ұстап қалады. Адамды жоғары мөлшерлеме аласың деп «алдайды», бірақ ол енгізген ақшаны, сонымен қатар пайызымен бірге оған қайтармайды.

Үшінші тәсіл – неғұрлым төмен нарықтық құнымен шетелден автомобиль сатып алу.

Процесс былайша жүреді: жеке тұлға немесе компаниялар азаматқа шетелден автомобильді нарықтық құнынан 20-30% арзанға сатып алды ұсынады (кедендік төлемдерді және басқа шығыстарды қоса отырып. Автомобильдердің нарықтық құннан төмен құнының толық негізделген себептері бар: автомобильдер жойылуға жатады немесе аукционға шығарылады. Азамат автомобиль құнының 30%-ы мөлшерінде бастапқы жарнаны төлеуі ғана керек және автомобиль жеткізілгеннен кейін ол қалған 70%-ын  төлеуге тиіс.

Бірақ іс жүзінде бұл компания немесе жеке тұлға 30%-ды алғаннан кейін бірнеше апта өткен соң клиентпен байланысқа шығады және жұмсалған шығыстар үшін қосымша соманы аударуды сұрайды (жобамен 20%), одан әрі 1-4 апта ішінде кеден шығыстары және т.с.с. үшін ақша сомасын сұрайды. Осы уақытта алаяқтар ақшаны шетелдік шоттарға аударады, өздері жасырынып қалады.

Төртінші тәсіл — техниканы (гаджетті) шетелден сатып алу.

Бұл схема өткен схемаға өте ұқсайды. Смартфонның жаңа моделі пайда болған жағдайда, алаяқтар азаматтарға смартфонның шектеусіз санын шетелден барынша төмен бағаға сатып алу мүмкіндігін және оларды почта бойынша не өзге тәсілмен жіберуді ұсынған жағдайлар орын алды. Осылайша, алаяқтар ең алдымен аванс ретінде смартфон үшін  100$-ды банк картасына аударуды сұрайды, бұдан әрі  100$-ды басқа карточкаға аударуды талап етеді, мұны аудару кезінде проблемалар туды деп түсіндіреді. Кейіннен алаяқтар әрбір смартфон үшін 200$ қосымша ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлайды, болмаған жағдайда, олардың айтуынша, смартфондар жеткізілмейді, осыдан кейін алаяқтар жоқ болып кетеді.

Шетелден барынша төмен бағамен техниканы сатып алуға болады, бірақ бір адамға жеке пайдалану үшін кемінде екі тауар  сатып алуға рұқсат етіледі, тауардың бір түрін екіден артық сатып алу кәсіпкерлік қызмет ретінде  бағаланады.

Бесінші тәсіл – құжаттарды тіркеуге көмек.

Схема мынадай түрде жүзеге асырылады: алаяқтар сенімді болу үшін сол немесе өзге мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері сияқты құжаттарды «жеделдету», «жылжыту», «тіркеу» бойынша қызмет көрсетуді ұсынады. Бастапқы жарна (аванс) келісілген сыйақы сомасынан 20-дан 50%-ға дейін болады. Бұдан әрі, өткен мысалдарда атап көрсеткендей, алаяқтар «ресімдеуге» байланысты проблемалардың бар екендігін және оларды шешу үшін қосымша ақы төлеу қажет не  көрсетілетін қызметтер үшін  қосымша ақы төлеу (мысалы, бюджетке міндетті төлемдер және басқа да шығыстар) қажеттігі туралы хабарлайды, осыған байланысты клиентке жедел түрде ақша жіберу қажет. Нәтижесінде клиентке қажетті қызмет көрсетілмейді.

Алтыншы тәсіл – ұтылып қалған немесе жоғалған ақшаны қайтаруға көмек.

Бұл схема адам «алаяқтық әрекеттердің құрбаны» болған және оның нәтижесінде материалдық зиян шеккен кезде жүзеге асырылады.

—       Ұтыс қоюдан ақша ұтылу;

—       бинарлық опциондарда ақша ұтылу;

—       инвестициялық жобаларға салынған ақшалай қаражатты жоғалту;

—       қаржы пирамидасының  күйреуі және т.б.

Алаяқтар белгілі бір уақыт өткеннен кейін белгілі бір комиссияға жоғалған қаражатты қайтаруға көмегін ұсынып клиентпен байланысқа шығады. Нәтижесінде қаражатты қайтарамын деп үміттенген клиент қосымша шығындарға ұшырайды.

Қаржы құралдарына инвестициялауды жүзеге асыру үшін ақша тарту лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады, оларды екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар (брокер-дилерлер және басқарушы компаниялар) ғана жүзеге асыра алады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясына ие ұйымдар туралы ақпарат Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылған. Әдеттегідей, азаматтардың Агенттіктің лицензиясы жоқ ұйымдармен өзара қарым-қатынасы едәуір қаржылық тәуекелдерді тудырады. Біз азаматтарды қырағылық танытуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне түспеуге шақырамыз.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Абай болыңыз: алаяқтар сыртыңыздан несие рәсімдеуі мүмкін

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТАРИХИ ҚАЛАЛАР ӘРІПТЕСТІК ПЕН БАУЫРЛАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТПАҚ 

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРІНЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

05.07.2025
3
ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!
Қоғам

ӨМІР ЖОЛЫҢ ЖАРҚЫН БОЛСЫН, ЖАС МАМАН!

04.07.2025
3
АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ
Қоғам

АУЫЛ LIVE: ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН ЖАСТАР САЙЫСЫ

03.07.2025
3
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАЙТЫН КОЛЛЕДЖ ӨКІЛДЕРІ ҚЫТАЙДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

02.07.2025
3
Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды
Қоғам

Кентауда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының I маусымы аяқталды

01.07.2025
2
ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ
Қоғам

ҚАЗЫҒҰРТ: КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ — КӘСІБИ МАМАН АТАНДЫ

01.07.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
168
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.