Жалған «кредиттік көмекшілердің» әрекеті — Төрттаған
Четверг, 30 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Жалған «кредиттік көмекшілердің» әрекеті

22.07.2024
Қоғам
0
Алаяқтардың кезекті әрекеті

«Сіздің кредит тарихыңыз нашар ма, бірақ ол кедергі бола қоймас, 200 мыңнан 3 млн теңгеге дейін кепілсіз және алдын ала төлемсіз кредит ресімдеуге көмектесеміз, кредитті мақұлдау көрсеткіші өте жоғары», «Сіз үшін кез келген сомаға және кез келген мақсатқа микрокредит ресімдейміз. 100% кепіл береміз», «Сізге шұғыл ақша керек пе? Тауарды бөліп төлеу арқылы ресімдеңіз, сіздің тауарыңызды жақсы бағамен алып бере аламыз», «Бар ақшаңызды кредиторларға беруден шаршадыңыз ба? Біз сіздің кредитіңізді банк пен МҚҰ-ның базасынан алып тастауға және кредит  тарихыңызды тазартуға көмектесеміз», – алаяқтар әлеуметтік желілерде, негізінен Instagram-да жалған бір күндік аккаунттар құра отырып, осындай мазмұндағы хабарламаны орналастырады, деп жазады fingramota.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпараттық агенттігі.

Қаскүнемдердің хабарландыруларға жауап берген пайдаланушылармен өзара іс-қимылы мессенджерлер арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте  қаскүнемдер WhatsApp арқылы хат алмасуды жөн көреді, онда хабарламалардың өзінен-өзі жоғалып кететін режимі бар және екі схеманың бірі бойынша әрекет етеді.

READ ALSO

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

Біріншісі – қолма-қол ақшамен берілетін кредит ресімдеу. Қарызды ресімдеу мақсатында интернет-алаяқтар әлеуетті жәбірленушіден кредиттің қажетті сомасын және жеке мәліметтерін: жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, төлем карточкаларының толық деректемелерін, шот нөмірлерін және т.б. нақтылайды. Алаяқтардың мақсаты зардап шеккен адамға қарыз алушының қажеттілігінен едәуір асатын кредит ресімдеу. Қаскүнемдерді әсіресе азаматтардың танымал онлайн-кредит беру ресурстарында жеке кабинеттерінің болуы қызықтырады. Олардың айтуынша, бұл ақпарат кредиттік ұйымдар жүз пайыз мақұлдайтын тиімді кредит  ресімдеу үшін қажет.

Шындығында, алаяқтар өз құрылғыларынан азаматтардың жеке кабинеттеріне қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Құпия сөзді қалпына келтіру үшін олар SMS-кодты сенгіш «клиенттерден» сұрайды, мұны микрокредитке жүгіну және өтініш беру қажет деп түсіндіреді. Жеке кабинетті «бұзу» арқылы алаяқтар онлайн-сервиске ілеспе мобильдік нөмірді оңай өзгерте алады және бөгде адамдарға тіркелген нөмірін көрсетеді. Әрі қарай олар жәбірленушінің атынан онлайн-қарыздар алу үшін әртүрлі МҚҰ-ға өтініш бере бастайды.

Микрокредит мақұлданған жағдайда, алаяқтар қарыз алушылардан алынған қарызды мерзімінен бұрын жабу және жаңа өтінімді жіберу үшін қарыздың барлық сомасын немесе оның бір бөлігін өздері көрсеткен телефон нөмірінің балансына аударуды сұрайды. Олар қарыз алушыларды кредиттік ұйымның скоринг жүйесі оларды «адал клиенттер» деп санауы және болашақта соманы бірнеше есе алуға мүмкіндік беруі үшін мұны істеу керек деп сендіреді.

Немесе алаяқтар алаяқтық жолмен қарыз алушылардың дербес және төлем деректерін алады, және, тиісінше, олардың онлайн-банкингіне, мысалы, AnyDesk қосымшасы арқылы қол жеткізеді. Содан кейін олар барлық қаражатты азаматтардың шоттарынан үшінші тұлғалардың шоттарына – дропперлерге немесе жалған телефон нөмірлерінің балансына аударады, содан кейін ақшаны алып,  жазысқан хабарларды жояды.

Екінші схема – тауар кредиттерін ресімдеу. «Кредиттік делдалдар» хабарландыруларына жауап берген қарыз алушылардың дербес деректерін алғаннан кейін алаяқтар өздерінің ұялы телефондарынан және бөгде тұлғаларда тіркелген нөмірлерді пайдалана отырып, электроника сатушыларының сайттарында тауарды таңдайды және қарыз алушының көмегімен оны кредит алуға немесе бөліп-бөліп төлеуге ресімдейді. Бұл ретте алаяқтар өтінімді қарау үшін SMS-кодтар келетін өз нөмірлерін көрсетеді. Айлакер алаяқтар сондай-ақ дүкеннен алып кетуді немесе курьермен көрсетілген мекенжайларға жеткізуді көрсетеді.

Кредит бойынша мақұлдау алғаннан кейін, алаяқтар қарыз алушыларға тауарлық кредитті ресімдей алмағанын немесе бірнеше тауарларды ресімдейтіндерін, ал олардың «клиентіне» тек біреуін беретіндерін хабарлайды. Тауарларды беру кезінде алаяқтарға SMS-код түседі, оны олар дүкен қызметкеріне немесе курьерге хабарлайды. Тауарды алғаннан кейін, алаяқтар жалған көмекшілерінің көмегімен оны тез сатуға тырысады, ал қарыз алушымен байланысқа шықпайды.

Не істеу керек?

Сізге банктік қарыздарды немесе микрокредиттерді тиімді шарттармен рәсімдеуді ұсынатын делдалдарға сенбеңіз, кредитті ресімдеу үшін ақшалай сыйақы бермеңіз. Бұл алаяқтар.

Қарыздар мен микрокредиттер үшін тікелей банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына хабарласыңыз. Бірақ кез келген кредиттің үлкен жауапкершілік екенін ұмытпаңыз!

«Fingramota Online» қосымшасын мемлекеттік және орыс тілдерінде мына сілтеме арқылы жүктеуге болатынын еске саламыз:

— App Store: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211

— PlayMarket: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.

Сондай-ақ, мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы қолжетімді: http://online.fingramota.kz/ru.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА ТӘЖІРИБЕЛІ МЕТАЛЛУРГКЕ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІ ТАПСЫРЫЛДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады  

17.07.2026
11
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ представляет отчет об инвестировании пенсионных накоплений  на 1 июня 2026 года

17.07.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

17.07.2026
11
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев превысил 2,8 трлн тенге

17.07.2026
5
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға  24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті     

17.07.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года  

17.07.2026
5

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
294
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.