Ордабасы ауданы полиция аға лейтенанты Айдар Құрманжанға жергілікті тұрғын әйел ақшалай қаражатын қайтаруға көмектескені үшін шынайы алғысын білдірді.
Бірнеше күн бұрын әйел полиция бөліміне инстаграм желісі арқылы «акт приемка» жасап беремін деген алаяқтың сөзіне алданып, жұмсалған ақшаны қайтаруға көмек сұрады.
Аталмыш факті бойынша іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция ізін суытпай күдікті ретінде 27 жастағы ер азаматты анықтады.
Осы арызды тексеру барысында қылмыскерді дер кезінде анықтап, істі сотқа жолдап, заң аясында қаражатын қайтаруға көмегін көрсеткен Айдар Амануллаұлына аудан тұрғыны риясыз алғысын жаудырды.
Алаяқтық қылмысы әртүрлді тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану зиян келтірудің тәсілдеріне мыналар жатады: Құмар ойындарын ойнағанда әртүрлі айла қолдану, жасанды асыл бұйымдарды сату, өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе банк, мұғалім тағы басқа салада жұмыс істейтін қызметкер ретінде таныстыру жолымен әрекеттер жасау, банктік несиелерді жалған құжаттар жасау арқылы алу, тұрғын үйлерді сату, айырбастау үшін жалған құжаттар жасау үшін, банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін біреудің немесе қолдан жасалған карточкаларды пайдалану, мемлекеттік мүлікті жалған құжат арқылы несиеге алу немесе қалған қарызды төлеуден жалтару және тағы басқалар.
Тек сақтық қана адамды ақшасын алаяқтың қолына ұстаудан аман алып қалатынын ұмытпауымыз қажет, себебі сақтансаң сақтаймын деген.
Өмірімізді телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Азық-түлікке тапсырыс беру, төлемдерді төлеу, киім сатып алу және тағы басқаларды үйден шықпай-ақ жасауға болады. Осындай жағдайда интернеттегі алаяқтықтан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінеді.
Қазіргі уақытта адамдар күнделікті өмірде интернет ресурстарын кеңінен пайдаланады, соның ішінде банктік қолданбалар мен сату веб-сайттары, «интернеттегі — алаяқтық» деп аталатын қылмыстардың өсімі байқалады.
Интернеттегі алаяқтық — алаяқтықтың бір түрі, ақпараттық жүйені пайдалана отырып жасалған, оның ішінде интернетте орналасқан қолданбалардың барлық түрлері.
Мұндай қылмыстарды ашудың қиындығы жәбірленушілер қылмыскерлерді көзбе-көз көрмейді, тек интернет кеңістігінде сөйлеседі. Әдетте, жалған телефон нөмірі пайдаланылады немесе IP мекенжайы үнемі өзгеріп отырады. Алаяқтық жасау әдістері әртүрлі, олардың негізгілерінің үш түрге бөлуге болады.