Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Алаяқтық, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша» Кентау Білім бөлімінде кездесу өтті.
Кентау қалалық полиция бөлімі ЖПҚ ЮПТ аға УПИ полиция капитаны Нұрдаулет Серікұлы құқықбұзушылықтың алдын алу — басты міндет екенін айта отырып, бүгінгі таңда қоғамда белең алып тұрған қылмыс және алаяқтық жасаған адамның заң алдында жауапқа тартылып, мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейіегі мерзімге бас бостандығынан айырылуға дейін алып келетіні туралы мәлімдеді.
Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн — несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр — деді заңгер Абуова Аида.
Кездесу соңында Ардагерлер ұйымының мүшесі Сахов Азизхан қарапайым ғана қыралығыңызды дамытып, кез келген жанға артық сенім білдірмеуге, оңай жолмен табыс табамын деп, тұзаққа түсіп қалмаңыздар дей отырып, алаяқтардан барынша сақ болуға шақыра отырып өз батасын берді.