Қаржы пирамидаларының белгілерін үнемі есте ұстаған жөн — Төрттаған
Воскресенье, 8 ноября, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қаржы пирамидаларының белгілерін үнемі есте ұстаған жөн

14.04.2024
Қоғам
0

Бүгінде бір компанияға қаржы салу туралы таныс, туыстарынан немесе жеке қоңырау шалу арқылы ұсыныс алмаған адам некен-саяқ. Мұндайда бірден бас тартатындар бар. Алайда қызығып, кірісі қанша екенін сұрайтындар да жеткілікті. Өкініштісі, компанияның қаржылық жағдайы, қызметі, табыс көзінен гөрі адамдарды қаржы салу жолдары, одан қандай табыс табатыны және табыс тапқан адамдар туралы ақпарат көбірек қызықтырады екен. Адамдарға ұсыныс жасаушының қоғамдағы бедел-абыройы мен танымалдылығы да әсер етеді. Сөйтіп, өз ақылынан гөрі өзгенің ақылын тыңдап жатады. Бұл туралы qazdauiri.kz-ке сілтеме жасаған 4tagan.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.

Қаржы пирамидаларының келесі белгілерін үнемі есте ұстаған жөн:

READ ALSO

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

Қатысушыларға аз уақыт ішінде немесе жүйелі түрде түсіп отыратын ақылға қонымсыз көп мөлшердегі кірісті уәде етеді. Мысалы, «салған ақшаңды екі есе етіп қайтарасың, айына 30-40-50 пайыз кіріс кіреді» деген сияқты бос уәделер;

Алғашқы жарна ретінде мол қаражатты сұрайды (кейде аз болуы да мүмкін). Ақша салу барысында нақты өнім, тауар болмайды немесе ұсынылып отырған тауар бағасы оның өзіндік құнынан бірнеше есе қымбат болады;

Негізгі түсім жаңа салымшылардың салған ақшасына байланысты түседі және төлемдер де адам тартуына қарай төленеді;

Ұйымның нақты қызметі түсініксіз, бірақ қаржы, инвестиция саласымен байланысты болады. Өз қызметін «Алтынға, қаржылық қорға ақша саламыз» деп түсіндіреді.

Жарнама тым белсенді жасалады, үгіт-насихат үшін маркетингтік көптеген айла-тәсілдер қолданылады;

Төмен пайызбен кредит, қарыз береді немесе жоғары пайызбен депозит ашуға мүмкіндік береді. «Банктегі кредитіңіздің 30-40 пайызын ұйымға құйсаңыз, қалған бөлігін жауып береміз» дегендей ұсыныстар да айтылады;

Ұйым атауында, символикасы мен жарнамасында нарықта бар танымал банктер, микроқаржылық ұйымдар, ломбардтармен ұқсастық болады;

Ұйым сайты кәсіби емес, жарнамалық мақсаттағы арзанқол деңгейде болады. Сайтта жарғылық құжаттар, басшылық туралы ақпарат толық берілмейді.

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Қарапайым экономика заңдылықтарын білген жөн

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Заңсыз схемалармен күресуде қатаң шаралар қабылдауда

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?

20.10.2026
9
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Выплаты пенсионных накоплений из ЕНПФ по графику: как рассчитываются и куда обращаться

20.10.2026
14
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

От классического пенсионного аннуитета — к новым возможностям

20.10.2026
8
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

20.10.2026
5
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

Инвестиционные портфели под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 сентября 2026 года

20.10.2026
6
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

20.10.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
465

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
401
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
335
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
298
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
232

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.