Әрбір жалған қоңырау немесе хабарлама бейбіт тұрғындар арасында үрей тудырып, маңызды кәсіпорындардың жұмысының тоқтауына себеп болады. Кей жағдайда кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында да жалған ақпарат тарату да артып отыр.
Олардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабы бойынша (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) жауапқа тартылды, оларға айыппұл салынды. Бірақ, қалған балаларға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Әртүрлі деструктивті топтарда балалар белгісіз адамдардың ықпалына түсіп, өздерінің жеке деректерін, телефон нөмірлерін, электронды жәшіктердің мекенжайларын беріп қояды. Ал, олар өз кезегінде балалардың атынан көрінеу жалған хабарламаларды жібере бастайды. Мұндай жағдайлар болды. Сондықтан, ата-аналарға айтарым, баланың интернет желісінде болуын қадағалап, қандай сайттарға кіретінін және қандай ресурстарға қызығушылық танытатынын бақылауда ұстау қажет. Көрінеу жалған хабарламалар материалдық шығын әкеліп қана қоймай, шұғыл қызметтердің уақытын алады. Бізде қажетті техникалық құралдар, бағдарламалар бар. Сондай-ақ, шетелдік әріптестермен тығыз байланыстамыз. Мұндай қылмыстар жазасыз қалмайды», – деді Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дархан Разуев. Айта кетейік, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Спикер айтқандай, бұл қылмыс түрі үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Сонымен қатар, сот шешімі негізінде шығындар мен осындай хабарламадан келтірілген барлық залал өтелуге жатады. Егер мұндай әрекетті кәмелетке толмаған бала жасаған жағдайда залалды өтеу оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне жүктеледі.
Е.ӨТЕУЛІ