Сусындардың атауына қатысты жалған ақпарат тарады — Төрттаған
Воскресенье, 14 июня, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Сусындардың атауына қатысты жалған ақпарат тарады

25.04.2024
Қоғам
0
Сусындардың атауына қатысты жалған ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде Pepsi және Coca-Cola сусындарының атауларының мағынасы түсіндірілген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz (stopfake) сайтына сілтеме жасаған 4tagan.kz.

Жалған түсіндірмеге сәйкес «Pepsi» – бұл P (Pay) E (Every) P (Penz) for S (Saving) I (Israel) (әрқайсың Израильді сақтап қалу үшін пенядан төлеңіз), ал «Coca-Cola» аббревиатурасын айнадағы кескінін оқығанда, араб тіліндегі «Мекке жоқ, Мұхаммед жоқ» деген сөз шығады екен.

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

Pepsi-ді Израильді қаржыландыру үшін сионистер өз бақылауына алған деген жалған мәлімдемелер 1980 жылдары пайда болған. Бастапқыда бұл теория тек араб оқушыларының арасында ғана айтылды. Содан кейін фейк студенттік ортаға ауысты, түрік журналистерінің арасында, тіпті араб телевидениесіндегі бағдарламаларда да айтылды. Бұл туралы түрік шолушысы Бурак Бекділ жазған.

Pepsi 1893 жылы шығарылған. Оны Калеб Брэдхэм ойлап тауып, оны өз есімімен атаған. 1898 жылы «Брэд сусыны» Pepsi-Cola болып өзгертілді. Ал 1961 жылдан бері ол Pepsi атауымен белгілі. Бастапқыда Брэдхэм лимонадты ас қорытуды жеңілдететін құрал ретінде шығарған. Асқазаны қорытпай қалғанда немесе диспепсия болғанда, тұтынушылар Pepsi сатып алатын болған. Грек тілінде pepsis – ас қорыту, ал пепсин – асқазан сөлінің қажетті құрамдас бөлігі дегенді білдіреді. Айта кетейік, бұл фермент сусынның құрамында мүлдем болған емес. Оның құрамына су, ваниль, қант және басқа ингредиенттер кірді.

Фейк тарихи шындықты да жоққа шығарады. Израиль мемлекеті сусын пайда болғаннан кейін 55 жыл өткен соң ғана құрылған – 1948 жылы 14 мамырда.

Coca-Cola сусынына келетін болсақ, 2018 жылы оның логотипінің жасалуы да фейктің таралуына сеп болды. Сусынның атауын кері оқығанда, араб тіліндегі «Мұхаммед жоқ, Мекке жоқ» деген сөз шығады екен. Бұл ақпаратты Coca-Cola-ның Түркиядағы ресми өкілдігі жоққа шығарды. Компания өкілдері қауесеттер шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Сондай-ақ «Malumatfuruş» түрік фактчекинг порталы Coca-Cola Turkey Дін істері басқармасынан компания логотипінде діни құндылықтарды қорлаудың бар-жоғына қатысты жазбаша қорытынды жазып беруін сұрағанын жеткізді.

Түркияның Дін істері жөніндегі Жоғарғы кеңесінің төрағасы Экрем Келеш қол қойған жауап хатында былай делінген: «Компанияңыздың логотипін кері жазу мұқият тексерілгенімен, оны араб өрме жазуымен байланыстыру мүмкін болмады. Сондықтан логотипті кері жазудың мағынасы жоқ». Демек Coca-Cola логотипін кері оқу ештеңені білдірмейтінін растады.

Coca-Cola атауын 1886 жылы Фрэнк М. Робинсон ойлап тапқан. Сауда маркасының логотипін де бірегей қаріппен өзі жасаған, ол «екі С жарнамада жақсы көрінеді» деп ойлаған. Тақырыптың жазылуында басқа мағына болмаған.

Демек танымал сусындардың атауларын «түсіндіру» туралы ақпараттар — жалған.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Арнайы әлеуметтік төлемдер туралы жалған ақпарат тарады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСТЕРІ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНАДЫ?

Оқи отырыңызМақалалар

БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

12.06.2026
4
Қоғам

Новая Методика расчетов порогов минимальной достаточности пенсионных накоплений вступила в силу

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

ЕНПФ об использовании пенсионных накоплений

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын пайдалану туралы

12.06.2026
4
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
Қоғам

«Ұлттық қор — балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

12.06.2026
4
Актуальные вопросы о ЕНПФ
Қоғам

«Нацфонд – детям»: около 58 млн долларов США использовали казахстанцы на жильё и образование

12.06.2026
6

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
462

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
398
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
292
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
218

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.