ДЕМЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ — Төрттаған
Пятница, 10 апреля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ДЕМЕУШІЛЕР ТАРАПЫНАН ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

12.05.2024
Қоғам
0

Қаладағы жаңғыртылып, жаңарып жатқан жобалардың басым бөлігі демеушілердің көмегімен жүзеге асырылып отыр. Шымкенттегі балалар пойыз жолының бойы да дәл солай демеушілер көмегімен жаңғыртылып, веложол, жаяу жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Бұл туралы қала әкімі Ғ. Сыздықбеков А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолын аралау барысында мәлімдеді.

Балалар темір жолының тарихына тоқталар болсақ құрылыс 1979 жылы басталып, 1980 жылы халықаралық балалар жылы қарсаңында пайдалануға берілген. Шымкент балалар темір жолына Ғани Мұратбаев есімі беріліп, қаншама жыл қаланың мақтанышы ретінде жұмыс істеді.
Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын балалар темір жолы дендросаябақ маңындағы «Тұлпар» және Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадиондағы «Спорт» стансаларын байланыстырған. Бұған дейін темір жолдың жұмысы бірнеше рет тоқтатылған. 2010 жылы қайырымдылыққа қаралған қаржы есебінен қайта іске қосқан. Дегенмен, локомотив көп ұзамай толық істен шығып, депоға қойылған. Ал, 2013 жылы қалалық прокуратура балалар темір жолының қауіптілігін ескере отырып, пайдалануға тыйым салған-ды. Сонымен қатар, мамандар ондай локомотивтер өндірісте жоқ екенін, ал арнайы тапсырыспен жасату өте қымбатқа шығатынын мәлімдеп отыр.

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

— Балалар темір жолының бойын жаңғыртуға арналған жоба демеушілердің қаржысына жүргізіледі. Ал, мемлекет қаржысы, қала бюджеті қаладағы жоспарлы және кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағытталмақ. Шымкентте бұған дейін де бірнеше жоба демеушілер есебінен жаңарып, халық игілігіне берілген болатын. Біз қала бюджетін халықтың әлеуметтік жағдайына септігі тиетін маңызды жобаларға бағыттап, тиімді игеруді көздеп отырмыз. Атап айтар болсақ, жаз мезгілінде тоқтап қалатын ыстық су мәселесі, ауыз су, ирригация және кәріз жүйесі жүргізілмеген аудандар бар, осындай халыққа бірінші қажет жобаларға жұмсаймыз, Ал, балалар темір жолын қайта жаңғыртып, локомотивке тапсырыс беру мәселесі де мамандармен талқыланды. Алайда, ол экономикалық тұрғыдан тиімсіз екені, ондай локомотивтің өндірісте болмауына байланысты арнайы тапсырысты орындау қомақты қаржы қажет ететіні бұған дейін де айтылды, — дейді Ғабит Сыздықбеков.

Темір жолдың жағдайымен таныстыра келе қала әкімі жағдайдың жан-жақты зерделенгенін, серуендеушілерге қауіпсіз, жағдай жасалынған аймақ болатынын айтты. Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде темір жолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы етіп салуды тапсырды.

Сондай-ақ, екі станса орнын жаяу жүргіншілерге қажетті заттарды сатуға шағын кәсіп иелеріне бергелі отыр.

Айта кетейік, бұған дейін қала тұрғындары арасында мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың қолтаңбасы қалған балалар темір жолының өзгеруі кереғар пікір тудырған болатын. Алайда, қала әкімі Ғ. Сыздықбеков локомотивтердің ескерткіш ретінде пайдаланылып, темір жол бойының заман талабына сай өзгертіліп, ел игілігіне берілетінін алға тартты. Әсіресе, 1980 жылдан бері қаланың орналасуында да көптеген өзгеріс орын алып, балалар темір жолының бойында қаладағы транспорт қозғалысын жеңілдетуге арналған жолайрықтар салынғанын да ескерген жөн.
Қала жұртшылығының белсенді демалуына, салауатты өмір салтын ұстануына арналған жоба жақын арада пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Танымал манипуляцияның бірі – адамда сән-салтанат иллюзиясын туғызу

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елді алаңдатарлық жай

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІРҚАТАР ҚАЛАЛАРЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН БОЛАДЫ

10.03.2026
8
Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді
Жаңалықтар

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ РЕЙДТІК ШАРАЛАР ҰЙЫМАСТЫРЫЛДЫ

10.03.2026
7
ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ СТАДИОНДА ФУТБОЛДАН ТАРТЫСТЫ МАТЧ ӨТТІ

08.03.2026
4
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»
Қоғам

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

10.09.2025
4
ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ
Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

10.09.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
392
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
285
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
216

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.