Бүгінде Сауран ауданының тұрғындары сүтті мал шаруашылығымен айналысуға ерекше назар аударған. Соның бірі — Ескі иқан ауылының тұрғыны Юлдаш Тұрсынназаров. Кәсіпкер мал басын көбейту мақсатында 2,5 пайызбен жеңілдетілген 7 млн теңге көлемінде несие алып, 15 бас сиыр сатып алған. Бүгінде кәсіпкердің айлық табысы 500 мың теңге шамасында.
Шаруаның сөзінше, күніне дүкендерге 170-180 литр сүт өткізеді. Қазіргі таңда сиырларының арасында голландиялық ірі тұқымды, бітімі мен сүйегі мықты, еті жақсы жетілген үш бұзау бар. Шаруа алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.