2023 жылы Ордабасы ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасы Бадам, Бөржар, Шұбар және Қараспан ауылдық округтерінде өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, ауылшаруашылық өндірістік коперативтерін жабдықтау және өз кәсібін жаңғырту бағыттарында жүзеге асырылды.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобаға аталған ауыл округтерден 359 құжат өткізіліп, 261-і мақұлданған. Мысалы, өсімдік шаруашылығы бойынша 131,5 млн теңгеге 18 жобаға қолдау білдірілсе, мал шаруашылығын жүргізу үшін 1 млрд 398 млн.теңгеге 226 жоба өткен. Ал тұрғындардың өз кәсібін жаңғырту мақсатында 7 жоба қолдау тапқан.
Одан бөлек, жобаға қатысқан “Шұбар-1” АӨК-і 2 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Осы жылы “Ауыл аманаты” бағдарламасын 4 ауылдық округте жүзеге асыру жоспарланып отыр.