ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ШИРАТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ — Төрттаған
Пятница, 20 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ШИРАТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16.02.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫН ШИРАТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен, өзекті мәселелерімен танысты. Сонымен бірге Сарыағаш ауданының әкімі, Мемлекеттік кірістер департаменті, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы, ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және өзге де құзырлы органдардың басшылары мен орынбасарлары да шекара бекетінде болды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс әкімі шекарадағы тауар айналымын заң жүзінде реттеу, жұмысты жүйелеу жөнінде ұсыныс-пікірлерін айтты. Жауапты тұлғалардың жұмыс барысы туралы ойларын тыңдады.
– Түркістан облысының көліктік-логистикалық әлеуеті өте жоғары. Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданының да мүмкіндігі зор. Сондықтан кеден бекетінің әлеуетін пайдаланып, жұмыс орындарын көбейтуге, ел табысын молайтуға болады. Жүйелі жұмыс істелуі тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Тұрысов «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысын баяндады. Кеден бекеті арқылы күнделікті 1000-ға жуық жеңіл автокөлік және 50 шақты жолаушылар автобусы өтеді. Жаяу жүргіншілер де көп.
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы М.Жұмаділов Шекара бөлімінің жұмысымен таныстырды.
Кездесуде облыс әкімі тарапынан өткізу пунктінде азаматтарға қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында туризмді дамытуға мүмкіндік жасау, кеден бекетінің инфрақұрылымын модернизациялау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, кеден бекетінің маңындағы валюта айырбастау пунктерінің жұмысын реттеу, кеден бекетіне кіреберіс жолда тазалық сақтау, шекаралық бақылаудан өтетін азаматтарға құжаттық бақылауды автоматтандыру жөнінде тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САРЫАҒАШТАҒЫ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖАУАПТЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
8
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
304
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
248
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
201

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.