БИЫЛ ӨҢІРДЕ 54 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК — Төрттаған
Понедельник, 2 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БИЫЛ ӨҢІРДЕ 54 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

31.01.2024
Жаңалықтар
0
БИЫЛ ӨҢІРДЕ 54 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛМЕК

READ ALSO

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

Түркістан облысында жалпы 412,1 МВт электр энергиясын өндіретін 26 электр көздері бар. Оның ішінде, «Шардара СЭС» АҚ – 126 МВт, «Кентаусервис» МКК – 7,5 МВт, 24 жаңартылатын энергия көздері – 278,6 МВт. Өткен жылы өндірілген электр энергия көлемі сағатына 992,8 млн кВт болса, биыл 1020,0 млн кВт-қа жеткізу көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды.
Облыс басшысы жауапты сала башыларының жұмысын сынға алып, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
– Біз басқарма басшылары және құқық қорғау органдарымен бірге үнемі аудан, қалаларда бірыңғай қабылдау өткізіп отырамыз. Жеке қабылдауларда тұрғындар тарапынан коммуналдық мәселелер көп көтеріледі. Соның ішінде, сапалы электр энергиясымен қамту мәселесі де бар. Облыстың жарығына жауапты мекеме басшылары, сіздер әр ауылды жеке-жеке аралап, жағдайды біліңіздер. Жеке қабылдау өткізіңіздер. Табыс тапқыларыңыз келсе, халыққа шығыңыздар. Қағаз бойынша емес, бізге нақты нәтиже керек. Кемшіліктер бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Инвестициялық жобаларды қайта қараңыздар, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың баяндауынша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста 922,8 млн кВт/сағ өндірілген. Ал барлығы 4 310,8 млн кВт/сағ электр энергиясы тұтынылған. Оның ішінде, облыста 21,4 пайыз немесе 922,8 млн кВт/сағ өндірілді, ал 78,6 пайыз немесе 3388 млн кВт/сағ электр энергиясы солтүстік энергия көздерінен алынды. 2023 жылы сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша 2023 жылға 10,3 млрд теңге бөлінді (Ұлттық қор – 3,9 млрд теңге, республикалық бюджет – 3,4 млрд теңге, облыстық бюджет – 3 млрд теңге). Жалпы құны 10,3 млрд тенге болатын 66 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, 36 нысан аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Нәтижесінде, 40 елді мекен, 104 мың халық сапалы электр қуатымен қамтылды. Ал, 30 нысанның құрылысы 2024 жылы аяқталады.
Биыл өңірде 54 нысанның құрылысы жүргізілмек. Оның 28 нысанын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Нәтижесінде, 44 елді мекен, 49,8 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады. Қалған 26 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Аталған салада жаңа энергия көздерін салу, дәстүрлі энергия көздерін дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда. 2030 жылға дейін 1117 мвт электр қуатын пайдалануға беру жоспарлануда. 2021-2030 жылдар аралығында ЖЭК нысандары саны 47-ге жеткізілетін болады.
Жиында биыл пайдалануға тапсырылатын нысандардың қазіргі таңдағы құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды. Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға нысандарды уақытында тапсыруды міндеттеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: «СЕРПІН» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 983 ЖАС БІЛІМ АЛУДА 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖАҒДАЙЫ ҚАРАЛДЫ 

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: 2025 жылдың қорытындысы бойынша есептеулер

23.02.2026
6
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ 35,20 млн долларов США использовано юными казахстанцами на жилье и образование

23.02.2026
6
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғаны жөнінде хабарлайды

23.02.2026
6
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

23.02.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор — балаларға»

23.02.2026
12
Жаңалықтар

Инвестирование пенсионных активов: сохранность и реальная доходность в долгосрочной перспективе

23.02.2026
15

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
448

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
323
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
267
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
205

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.