Өңірде инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде — Төрттаған
Пятница, 21 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өңірде инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

25.01.2024
Жаңалықтар
0
Өңірде инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

READ ALSO

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы бағытта Түркістан қаласында «TUKISTAN» индустриалды аймағы құрылып, онда кәсіпорындар өз ісін жүргізіп отыр.
Түркістан облысында өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгін облыс орталығындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында жиһаз цехы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, өңірде инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Біз өңірді зерделеу барысында жиһаз кластерін дамытуға мүмкіндік мол екенін білдік. Жиһаз өндірушілермен кездесіп, осы саланы дамыту жолын қарастырдық. Қолдауды күшейтіп, бүгін, міне «TURKISTAN» индустриалды аймағында салынған Brownfield өндірістік ғимаратында жиһаз цехы іске қосылуда. Осы жобаны жүзеге асырған инвесторға алғысымызды айтамыз, кәсіпорын жұмысына сәттілік тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.
Жиһаз цехы жобасының жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құраған. 50-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Заманауи, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған цех күніне 600 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Аталған цех облыс мектептерін, балабақшаларын, сонымен бірге, өңірде ашылып жатқан ғимараттарды толықтай жиһазбен қамтуға үлес қоспақ.
Сонымен бірге, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «TUKISTAN» индустриалды аймағында болып, онда орналасқан «Golden Camel» зауытының жұмысымен танысты. Өңір басшысы зауытты әрі қарай дамыту барысында мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін және бұдан басқа да жаңа жобаларға ашық екенін жеткізді.
Пандемия кезінде жұмысын уақытша тоқтатқан «Golden Camel» зауыты өз жұмысын қайта бастады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды былтыр Қытайға жұмыс сапарында «Golden Camel» зауытының басшыларымен кездесіп, жұмысын тоқтатқан зауытты қайта іске қосу туралы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде, Түркістанда «Golden Camel group LTD» төрағасы Ян Джи және «Win Lun» компаниясының басшыларымен кездесу ұйымдастырылып, тараптар кәсіпорынды қайта жандандыруды қолға алды. Кәсіпорын қайта іске қосылды. Инвестордың айтуынша, бүгінде Түркістанда шығарылған түйе сүті өнімдеріне Қытайда сұраныс жоғары.
Өндіріс орны түйе және бие сүтінен құрғақ сүт шығарумен айналысады. Сонымен қатар мұнда ұлттық сусынды соңғы процеске дейін өңдеп, косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химиялық сұйықтықтар шығарылады. Жылына 2500 тонна өнім өндіруге қауқарлы зауытқа 7 млрд теңгеден астам инвестиция құйылған. Өнімінің басым бөлігі шет мемлекеттерге экспортқа шығарылады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

Түркістан облысының өнеркәсіп саласы дамып келеді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркістан: Сайрам ауданында биыл ет өндейтін зауыттың құрылысы басталады

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және ерікті зейнетақы жарналарының артықшылықтары «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

20.11.2025
9
Жаңалықтар

Адекватность пенсионных накоплений и плюсы добровольных пенсионных взносов «Актуальные вопросы о ЕНПФ»

20.11.2025
9
Жаңалықтар

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ Пенсионные активы приносят стабильный доход: 3,11 трлн тенге за 12 месяцев

20.11.2025
4
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

20.11.2025
4
Жаңалықтар

Құрметті журналистер, блогерлер, журналистика факультетінің студенттері!

20.11.2025
9
Жаңалықтар

98% услуг, оказанных ЕНПФ с начала года, проведено в цифровом формате

20.11.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
442

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
371
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
226
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
180
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
171

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.