ТҮРКІСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ — Төрттаған
Четверг, 11 сентября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

13.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН КӨТЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында туризмге қатысты: «Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайтындығын жеткізді. Осы орайда жуырда «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы жарияланды. Құжат Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен әзірленіп, 23 тамызға дейін талқылауға ұсынылған болатын. Заң жобасы киелі қаланың өркендеуіне тигізер әсері жөнінде әлі талай ақтарып айтарымыз анық. Осы аталған заң жобасының ішінде ерекше еленетіні мәдени және діни мұраны қолдау, қасиетті орындар мен көрікті жерлерді сақтау және қорғау деген тармақ болып тұр. Бұл дегеніңіз, қасиетті мекендегі тарихи маңызы зор орындар мен біз сөз еткелі отырған саялы нысандардың күтімі мен оның санын арттыра түсуге жол ашатын жоба деп қарастырсақ қателеспеспіз.

Түрленген Түркістан түркі жұртының рухани астанасы. Сондықтан, мұндағы әрбір бой көтерген нысан өзіндік биік бағасын алуға міндетті. Мақаламыздың басында сөз еткендей, заң жобасында ойып тұрып орын алған көрікті жерлер қатарын арттырып, оның одан әрі әсемдене түсуі бәрімізге ортақ міндет.

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мыңжылдықтардан сыр шерткен көне шаһарымыз облыс орталығы болғалы бері мұнда көптеген өзгерістер орын алды. Қала келбеті күннен-күнге көркейіп, дамуда. Осыған байланысты келетін туристер саны да жылдан-жылға артуда. Біз осы материалымызда Түркістанда қала тұрғындары мен туристердің 1 күндік шығыны қанша болатыны жайында сөз қозғайтын боламыз.

Тамақтану

Түркістанға келген туристер тамақтануға қанша ақша жұмсайтынын білу мақсатында сауалнама жүргіздік. Сауалнама барысында Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелден келген әр түрлі жастағы туристерге бірнеше сауалдар қойылды. Сауалнама қорытындысы бойынша, туристер 1 адамға күніне орташа есеппен 7-10 мың теңге жұмсайтындарын жеткізді. Ал, отбасымен келгендер 1 мезгіл тамақтың өзіне 8-10 мың теңге жұмсағандарын айтады.

(P.S. Автор: Дей тұрғанмен де бұл қатып қалған баға еместігін айта кеткен жөн. Бұдан аз да, көп те болуы мүмкін. Сапар барысында ас ішуге қанша ақша жұмсайтыныңыз сіздің қайда барғаныңызға байланысты болмақ).

Сауалнамаға қатысқандардың 90%-ы қаламыздағы тамақтану орындарындағы ас мәзірі мен қызмет сапасына көңілі толатындарын айтады. Туристер көбінесе тұрақтаған қонақ үйінен, кесене мен керуен сарай маңындағы кафелерден тамақтанатыны белгілі болды. Сондай-ақ, респонденттердің 20%-ы туыстарының үйіне қонаққа келгендіктен тамақтану тегін болып жатқанын айтады.

Ал, қала тұрғындары сырттан тамақтанар болса 1 адамға шамамен 3-5 мың теңге көлемінде жұмсайды. Бұл, әрине күні бойы емес, 1 мезгіл тамақтану бағасы.

Қаламыздағы ең арзан кафе «Astau» ұлттық тағамдар орталығы. Ондағы тамақтану құны 2500 теңге болады. Ал ең қымбат кафе «Top Tobe», «Grand Hall». Мұнда 1 адамға орташа есеппен 10-15 мың теңгекетеді.

Жол ақысы

Түркістан қаласы еліміз бойынша жол ақысы ең төмен аумақ ретінде ерекшеленеді. Қоғамдық көліктерде жол ақысы жетпіс теңге. Қоғамдық көліктердің өздерінің арнайы бағыты болады, яғни сол бағыт бойынша жүріп отырады. Біздің қалада индрайвер, яндекс, регион таксилері жолаушы ұсынған баға бойынша жүреді. Мысалы ретінде «Қуаныш» сауда үйінен «Керуен сарайға» дейін жол ақысы алты жүз теңгені құрайды. Қоғамдық көлік жолаушыны діттеген жеріне дейін жеткізіп салады. Жолаушы бағаны өзі ұсына алады. «Керуен сарай» кешенінде қала қонақтары мен тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған. «Керуен сарайда» қайықтар бағасы адам басына бес мың теңгені құрайды. Келген туристер, қала тұрғындары «Керуен сарай» кешенін қайық арқылы аралай алады, сонымен қоса «Керуен сарай» кешенінде жеңіл алты адамдық көліктер бар, адам басы бес жүз теңге. Жеңіл алты адамдық көлікпен Тұңғыш президент саябағынан Керуен сарай кешенін аралауға болады. Түркістан қаласында жол-күре есеппен алғанда қала тұрғындары мен туристер үшін де кемінде бес жүз, алты жүз теңгені құрайды.

Ойын-сауық

Ойын-сауық алаңы туристердің көзіне бірден ілінетін жер болып табылады, сондай жерлердің бірі «Керуен сарай» кешені. «Керуен сарайға» кірсеңіз шығыстың ертегілер әлеміне енгендей боласыз. Бұл кешеннің ішінде балаларға және ересектерге арналған ойын алаңдары, аттракциондарда бар. Ойын алаңдары-ның бағалары туристер үшінде жергілікті тұрғындар үшін де қол жетімді, бір адамға орта есеппен 3000 теңге дей кетеді. Жалпы, Түркістанда туристтердің көзіне түсетін, «Жібек жолы» саябағы көз тартарлық Тұңғыш Президент саябағыда бар. Ең қымбат ойын-сауық орталығы «Khanshayim Plaza» кешеніндегі «Funky Townда» 1 балаға 3000 теңге. Ең арзаны «Жібек жолында» 500 теңгені құрайды.

Қонақ үй

Бір күнге келген туристер қонақ үйлерге немесе таныстарына, туған-туыстарының үйіне қонақтайды. Қонақ үйлердің бағасы 13900-дан басталып 55000-ға дейін 1 бөлмелік. Пәтер жалға алатын болса 1 бөлмелік үйлер 6000-нан басталады және орналасуына байланысты қымбаттай береді. Мысалы «Кереуен сарайдың» жаныңдағы 1 бөлмелік элитный үйлердің бағасы 20000 теңгеден 2 бөлмелік үйлер 25000 теңгеден басталады. Және ең қымбаты қазіргі таңда 120000 болып тұр.

Жергілікті тұрғындардың пәтер бағасының 1 айлық құны 1 бөлмеге 70000 теңгеден басталып, орналасуына байланысты 140000-ға дейін қымбаттай береді. 2 бөлмелік пәтердің бағасы 80000 теңгеден 230000 теңгеге дейін барады. Ал, 3 бөлмелі пәтерлер 150000-нан басталып, Керуен сарайға жақын орналасқан пәтерлер 400000 теңгені құрап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туризм саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Мемлекет басшысы туризм саласына ден қою керегін айтты.

«Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет», деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар туризм саласына көбірек инвестиция тартуды тапсырды.

«Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ», деп атап өтті Президент.

Д.ТӨЛЕГЕНОВ.

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТУРИЗМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ТАПТЫРМАС КӨЗІ БОЛМАҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев: «ЕЛІМІЗДЕН ЭКСПОРТТАЛҒАН ӨНІМДЕР ӨЗІМІЗГЕ ҚАЙТА ИМПОРТТАЛЫП ЖАТЫР»

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
6
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
434

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
358
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
221
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
170
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.