ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕРДІ ТАРҚАТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕРДІ ТАРҚАТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

14.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮЙТКІЛДІ ТҮЙІНДЕРДІ ТАРҚАТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Төлеби ауданы әкімдігінің тұрғындармен өзара әрекеттесу, оларды толғандыратын мәселелер мен қажеттіліктерін түсінуге бағытталған кездесуге 8 азамат келді. Қабылдау барысында аудан әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берсе, бірқатар азаматтардың мәселесін шешу үшін аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшыларына тапсырма жүктеді.
Қабылдауға келгендер негізінен жер, балалар ойын алаңшасы, түнгі жарықтандыру мәселелерін көтеріп, тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтар қойды.
Ленгір қаласы Бейбарыс көшесінің тұрғыны Т.Шораев аудан орталығының күн санап көркейіп, абаттанып, дамып келе жатқанына алғысын жеткізіп, тұрғылықты көшесіне балалар ойын алаңшасын орнатып беруді өтінді. Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы ең бірінші кезекте бюджет есебінен аудан аумағындағы 55 елді мекендегі жол, аяқ жол, электр жарығы, түнгі жарық орнату мәселелерін шешуді қолға алғанын, ал ойын алаңшалары ретімен қаржының түсіміне қарай орнатылатынын айтты. Сондай-ақ, аталған көшеге ойын алаңшасын қалалық әкімдік өз бюджеті есебінін қоятынын жеткізді.
Бірінші Мамыр ауылдық округі Зағамбар елді мекенінің тұрғыны С.Қожаев Бадам өзені бойында орналасқан Нұрлы жол көшесіне түнгі жарық шамдарын орнатуды өтінді. Аудан басшысы өзен жағалауында орналасқан көше тұрғындарының қауіпсіздігі ең бірінші кезекте екенін айтып, арнайы қаржы қарап, биылғы жылдың І жарты жылдығында орнатылуын қамтамасыз етуді сала басшыларына тапсырды.
Кемеқалған елді мекені Қаратөбе елді мекеніндегі жер мәселесіне И.Оңғаров сұрақтар қойып, шешу жолдарын қарастыруды өтінді. Аудан басшысы тұрғындардың ортақ жайылымына қайтарылған жерге қатысты заң аясында жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Бірінші Мамыр елді мекенінің тұрғыны С.Шүрменова өзінің 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, арендалық, коммуналдық пәтерлерді жалға алу бойынша сұрақтар қойды. Бұған қоса, Д.Қонаев көшесіндегі 7 үйге тұрмысқа қажетті ауыз су, газ құбырларын тарту, электр жарығын жүргізуге көмек сұрады. Аудан әкімі елді мекен шегіне енбеген аймақта тұрғын үй құрылыстары жүргізілгенін, қазіргі кезде елді мекен шекарасын кеңейту бағытында бас жоспарға өзгеріс енгізілгенін, аталған 7 тұрғын үйге инженерлік коммуникация жүйелерін жүргізу мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары түзілетінін түсіндірді.
Ленгір қаласының тұрғыны Т.Қабылбеков Көксәйек елді мекеніңде өзінің жеке меншік 4.4 га жері бар екенін, сол аумақтың нысаналы мақсатын өзгертіп, элиталы тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуді мақсат еткенін әңгімеледі. Аудан әкімі кәсіпкерлік саласын дамыту негізігі мақсаттардың бірі екенін айтып, жердің мақсатын өзгерту бойынша облыстық басқармаларға сауал жолданатынын түсіндіріп, кәсіпкерге нәтижесіне қарай әрекет етуге кеңес берді.
Көксәйек ауылдық округінің төбе биі М.Бекболат ауыл билерінің бастамасымен 2023 жылы атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндап, ауыз судың сапасын жақсарту бағытында әкімдік тарапынан атқарылатын жұмыстарға қатысты сұрақтар қойды. Аудан әкімі ауыз су дебетін көтеріп, сапасын жақсарту үшін қондырғылар қойылып, фильтрлерді тазалау жұмыстарын жүргізуді салалық бөлім мен Ленгір су мекемесіне тапсырды.
Ленгір қаласының тұрғыны А.Бексауытов ауданда қымыз өндірісі мен жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында атқарылған жұмыс нәтижесін айтып, қолдау көрсеткен аудан әкіміне Алғысын жеткізді. Қымыз өндіру ісін қолға алған кәсіпкерлердің тізімін реттеуге көмек сұрады. Аудан әкімі кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөліміне ауылдық округ әкімдігімен бірлесе отырып, аталған бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
Қайырымдылық шараларға белсенді ат салысып жүрген С. Бекебаев Бірінші Мамыр отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында дарынды балалар көп екенін, оларды қоғамдық өмірге бейімдеп, байланыстыру үшін Мәдениет үйінде, аудандық деңгейде өтетін мерекелік шараларға қатыстыруды сұранды. Төлеген Тұртайұлы бала біздің болашағымыз, оларды қолдау кезегін күтпейтін мәселелердің бірі екенін айтып, бұл бағытта жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді.
Журналист Л.Асанова әлеуметтік желідегі жазбаларға қатысты дер кезінде жауап бермеген сала басшыларына қатысты сын-ескертепелер айтып, кері байланысқа шығуды ұсынды. Төлеген Тұртайұлы аудан әкімдігі мен қоғам арасында ашық әрі айқын байланыс арналарын құру көзделгенін, қоғамдық пікірге құлақ асу маңыздылығын айтып, бұл бағытта нақты тапсырмалар берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЕҢБЕК АДАМЫ ӘРҚАШАН ЖОҒАРЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
2
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.