Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, Ордабасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ғани Нұрымбетов, аудандық Ішкі істер бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Абдуғали Кемел баға тұрақтандыру, заңсыз жолаушы тасымалының алдын алу бойынша кәсіпкерлермен кездесіп, сауда орталықтары мен базарларды аралады.
Аралау барысында сатушыларға сауда айырбастағы төлем түрлері, салықтық ережелер, кассалық аппараттар арқылы төлем жүргізу жөнінде ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Темірландықтармен кездесу барысында сатушылар тарапынан «Kaspi Pay» мобильді қосымшасын қолдану жөнінде бірқатар сұрақтарын ортаға салды.
Өз кезегінде басқарма басшысы Ғани Нұрымбетов қолма-қол ақша арқылы немесе жеке тұлғаның картасы арқылы сауда істеу көлеңкелі бизнеске соқтыратындығын, негізінде кәсіпкерлікке арналған банк қосымшасы немесе кассалық аппарат арқылы сауда жасау салық түсімдерін анықтауда оң ықпал ететіндігін жеткізді.
Аудан әкімі ауданаралық жолаушы тасымалымен айналысатын азаматтармен кездесіп, көлік жүргізушілеріне жеке кәсіпкерлік ашу арқылы жолақысын арнайы қосымшалар арқылы қабылдап, салық төлеу қажеттігін, қаржылық мәселелер, салықтық ережелер бойынша туындаған сұрақтар болса, Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгінуді айтты.
Аудан орталығындағы сауда орталықтарын аралау барысында саудагерлерге егер дүкенде тұтынушы төлем карточкаларын немесе тіпті сатып алушыны пайдаланып төлемдерді қабылдаудан бас тартса мұндай құрылғының жоқтығы туралы ол мемлекеттік кірістер органдарына (салық) өтініш бере алады.
Аталған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің баптарында көзделген айыппұл қарастырылғандығын хабарлады.
Сондай-ақ кездесу барысында аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы саудагерлерге баға тұрақтылығын назарға алуды, негізсіз тауар құнын көтермеуге шақырды. Әрі аудандық Кәсіпкерлік бөліміне дүкен сөрелеріндегі әулеуметтік азық-түлік бағасын қадағалауға алуды айтты.