ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Четверг, 29 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

09.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында «ROLLAN MED» жекеменшік медициналық мекемесі ашылды. Ордабасы ауданына арнайы іссапармен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысып, дәрігерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл облысымызда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 медициналық нысан ел игілігіне тапсырылады. Оның ішінде, 1 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік акушерлік пункт Ордабасы ауданында салынады. 2023 жылы облысымызда 24 медициналық нысанның құрылысы жүргізіліп, оның ішінде Ордабасы ауданында 6 ФАП құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына 3 дана медициналық жедел-жәрдем автокөлігі, 1 дана ангиографиялық жүйе, 1 дана видеогостроскопиялық жиынтық және 1 дана эксперттік ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) аппараты берілді. Сонымен бірге медицина саласына жеке инвесторлардың үлес қосуы да қуантады. Біз инвесторларға қолдау көрсетеміз. Биыл аталған жұмыстар жалғасын табады. Сіздерді тағы да құттықтай отырып, «ROLLAN MED» жекеменшік медициналық орталығының жұмысына сәттілік тілеймін. Медициналық мекеменің дәрігерлері ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтер көрсетеді деп сенемін, – деді Дархан Сатыбалды.
Жоба құны 1 млрд. тенгені құрайтын медициналық орталықтың 1 күнде 200 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Мұнда 60 адам жұмыспен қамтылған. Орталықта тұрғындардың ем алуына барлық мүмкіндік жасалған.
Айта кетейік, 2023 жылы облыстағы медициналық ұйымдарға 800-ге жуық медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметіне 75 дана санитарлық автокөлік берілді. Ауыр медициналық техникадан 4 дана компьютерлік томограф, 2 дана ангиографиялық жүйе, 4 дана видеогостроскопиялық жиынтық, 1 дана видеоэндоскопиялық жиынтық және 17 дана УЗИ аппараты сатып алынған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТІРКЕУСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
353
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
214
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
159
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
155

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.