Бүгінде Түркістан облысында 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары — өнеркәсіптік жылыжай. Түркістан өңірі — жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі аймақ.
— Өткен жылы жылыжайларда 681,5 гектарға — қияр, 792,8 гектарға — қызанақ, 154,6 гектарға — басқа дақылдар және 4,4 гектарға — көшет, 3,6 гектарға — лимон, 3,1 гектарға — гүл егілген. Жалпы облыстағы жылыжай шаруашылықтарынан 140 мың тонна өнім жиналған. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жылыжай шаруашылықтарын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам өтінімге субсидия төленді, — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна көмір жеткізілмек.