ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

03.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапарымен барып, арнайы мәжіліс өткізді. Мақсат – ауданды дамыту, мемлекеттік мекеме басшыларының жұмысын ширату. Актив отырысында мәселелер ашық әрі өткір айтылып, кемшіліктер сөз болды. Оларды шешу жолдары қаралды. Өңір басшысы нақты тапсырмалар берді.
– 2023 жылғы 10 айдың қорытындысымен аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бюджетті игеру бойынша көрсеткіштер орындалмаған. Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту қажет. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 8 млрд. теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 71 пайызға ғана орындалған. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары назардан төмен. Кәсіпкерлерге өз ісін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау керек. Бұл бағытта оң өзгерістерді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдансын. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр. Жаңа жұмыс орындарын ашу – аудан әкімі жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Оның ішінде жастардың арасында жұмыссыздықты жоюға ерекше көңіл бөлу қажет. Туризмді дамытуға күш салынсын. Ауданның, ауылдардың санитарлық тазалығына, абаттандыруға мән беріңіздер. Жыл басында аудандағы бірқатар елді мекенді су басқан болатын. Осыған байланысты алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарды қатаң бақылауға алу қажет, – деді Дархан Сатыбалды.
Мәжілісте аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың баяндамасы тыңдалды. Ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ауданда әкімшілік-іскерлік аумағындағы ғимараттар іске қосылған, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов ауданның даму барысын зерделеу нәтижесінде анықталған деректер мен көрсеткіштер туралы айтты. Оның мәлімдеуінше, облыс әкімі аппараты тарапынан Сауран ауданының өзекті мәселелері талданып, бірқатар кемшілік анықталды. Сауран ауданында өңдеу өнеркәсібі өнімінің көрсеткіштері орындалмаған. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 млн. теңгеге немесе 27 пайызға төмендеген. 1-ші жартыжылдықтың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығарылымы 6 млрд. 144 млн. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда күрт төмендей түскен.
Жиында аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына ауданның кіріс көздерін, өзіндік табысын ұлғайту, құрылыс нысандарын уақтылы әрі сапалы аяқтау, білім, денсаулық сақтау салаларында жұмысты жандандыру, кәсіпорындар ашу, инфрақұрылымды жақсарту жөнінде және өзге де тапсырмалар берілді.
Сауранда туризмді дамытып, осы саладағы табысты молайту міндеті де жүктелді. Тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САУРАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САУРАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.