ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ — Төрттаған
Суббота, 5 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

09.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекеніндегі 200 орындық №57 жалпы білім беретін мектебінің құрылысы аяқталды. Облыс әкімімен кездесудегі ауыл тұрғындарының өтініші назарға алынып, құрылысы жүрген бұл мектептің салынғанына өркениеттіктер дән риза.
Аудан қайта құрылған 5 жыл ішінде 3 ауысымды мектептердің санын азайту және ыңғайластырылған мектептерді жою мақсатында 17 мектептің жаңа ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде, 1200 орындық, 600 орындық, 300 және 200 орындық мектептер бар. Ал 2023 жылы Мақтаарал ауданында Еркінабад, Азамат, Өркениет және Нұрлыжол елді мекендерінен 200 орындық 4 мектептің құрылысы қолға алынды.
Жаңа білім ордасының құрылыс сапасын бақылауға арнайы барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын қолдау көрсету жалғасатынын айтты. Мердігермен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, құрылыс сапасы басты назарда екенін жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім саласын дамытуға жағдай жасауды, мектеп тапшылығын жоюды тапсырды. Осы мақсатта облысымызда жүйелі жұмыс атқарылды. 2023 жылы өңірде мемлекеттік бюджет есебінен 33 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 20-сы өткен жылы тапсырылса, қалғаны 2024 жылға өтпелі. Енді жаңа ғимараттарда білім беру ісін де жаңаша жандандырып, ауыл балаларының білімін көтеру керек, – деді Дархан Сатыбалды.
Бұрын балалары көрші ауылға қатынап оқитын ауыл тұрғындары жаңа білім ұясын ашуға қолдау көрсеткен өңір, аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
Мақтаарал – облыстағы халқы тығыз орналасқан аудандардың бірі. Халық саны жыл сайын артуда. Өркениет ауылында 1483 тұрғын бар. Оның ішінде, 0-5 жас аралығындағы бала саны – 227, 6-16 жас аралығындағы бала саны – 243. Өркениет ауылында мектептің болмауына байланысты 280 оқушы 2-3 шақырымда орналасқан Қ. Пернебаев ауылындағы №34 «Бірлік» және Қоңырат ауылындағы №35 «Болашақ» жалпы орта мектептерінде білім алуда. Осыған орай, оқушыларды білім беру сапасын көтеру және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бас мердігер – «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС.
Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимаратта физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ кітапханасы, спорт залы, асханасы бар. Жалпы мұнда оқушылар түрлі спорт, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатыса алады. Нысанның қасбетіне де, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.
Айта кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп салынады. Ал Мақтаарал ауданында осы жоба арқылы жаңадан 5 мектептің құрылысы жоспарлануда. Қазіргі таңда 1500 орындық және 600 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары басталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕСТЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,6 МИЛЛИОННАН АСТАМ АДАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
4
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА

26.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

24.06.2025
4
ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ
Жаңалықтар

ЕЛ ҮМІТІ – ЖАС ҰРПАҚ

23.06.2025
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 56 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

23.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.