ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ — Төрттаған
Вторник, 4 ноября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

07.01.2024
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

READ ALSO

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

Түркістан облысында 2023 жылы  жалпы мемлекет есебінен 33 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы 33 мектептің 7-уі пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 13 мектеп толықтай тапсырылады. Бұдан бөлек, 6 230 оқушыға шақталған 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары облыста 49 мың оқушыға шақталған 63 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында 100 орындық «Ақбастау» атындағы жалпы орта мектебінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш пен Ғани Райымбеков қатысып, ауылдастардың қуанышын бөлісті. Білім беру мекемесінің ашылуында сөз алған облыс әкімінің орынбасары тәуелсіздік жылдары өңіріміздің білім саласында атқарылған ауқымды жобаларды айтып өтті.
– Баршаңызды жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтаймын. Облыста жалпы 1032 мектепте 519 904 оқушы білім алуда. Облыс халқының 38%-ы балалар мен кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Облысымызда бірқатар әлеуметтік нысандардың халық игілігі үшін пайдалануға берілуі біз үшін, жергілікті тұрғындар үшін үлкен қуаныш. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! – деді Бейсен Дәулетұлы.
Айта кетейік, Шұбар ауылдық округіне қарасты ауылдағы бұрынғы мектеп ғимараты апатты жағдайда болғандықтан, облыстық бюджет есебінен жаңа нысанның құрылысы басталған еді. Бүгінде білім ошағында заман талабына сай жабық спорт залы, медициналық кабинет, оқу залы, IT кабинеті, асхана, ашық спорт алаңшасы бар. Жалпы ауданда 72 мектеп болса, соның қатары толықты. Жаңа оқу маусымында Ордабасы ауданында 300 орындық С.Мұқанов мектебі, 200 орындық З.Исабеков мектебі және де Бадам ауылы, Орда мөлтек ауданынан жекеменшік «Ұлы Орда» мектебі пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдар аралығында ауданда тағы 5 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Кемер ауылының шаруалары көтерген мәселе назарда

29.10.2025
5
Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
10
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
8
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
9
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
438

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
368
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.