МАШАТТЫҚ КӘСІПКЕР ӨРНЕКТАС ӨРУДІҢ ШЕБЕРІ — Төрттаған
Воскресенье, 18 мая, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МАШАТТЫҚ КӘСІПКЕР ӨРНЕКТАС ӨРУДІҢ ШЕБЕРІ

25.11.2023
Жаңалықтар
0
МАШАТТЫҚ КӘСІПКЕР ӨРНЕКТАС ӨРУДІҢ ШЕБЕРІ

READ ALSO

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

Бүгінде жұмыссыз, қол қусырып қарап отырған жанды көп кездестірмейміз.Күнделікті тірлік үшін шауып, шаруа қуған бір адам. Әйтеуір бәрінің мақсаты – отбасы қамы. Біздің кейіпкеріміздің бастаған кәсібі осы сөзімізге дәлел. Машат ауылының тұрғыны Бақытжан Дүйсембеков 2021-2025 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобасы негізінде «Мемлекеттік қайтарымсыз грантын» ұтып алып, жеке кәсібін бастады. Былайша айтқанда екінің бірі меңгермейтін ауылда жоқ кәсіптің көзін ашты. Бақытжан ағамен хабарласып, әңгімелескен едік.
Мемлекеттік қайтарымсыз 1млн 138 мың теңге грант жеңіп алып, туған ауылында өрнектас (брусчатка) өндіру жұмыстарын қолға алды. «Сүйікті іс шаршатпайды» демекші жас кәсіпкер Бақытжан Дүйсембековтың бизнеспен айналысқанына көп болған жоқ. Ол өз кәсібін 2023 жылдың маусым айында бастаған. Соған қарамастан, қазір тұрақты және табысты істі дөңгелетіп отыр.
Әрине жұмыстың оңайы жоқ екені белгілі. Бұл ретте, Бақытжанның түсіндіруінше, полифасад өнімін жасаудың да өзіндік машақаты жетеді. Бетон араластырғышқа құйылған суға тазаланып, жуылған ең ұсақ қиыршық тасты (шебень) салып араластырады. Оның үстіне қажетті мөлшерде М-500 маркалы цемент және талшықты фибро қосылады. Әбден араластырған соң ерітіндіні қалыпқа құйғанда арасына арнайы сым темір салынады. Ерітінді құйылған қалыптар ағаш поддондарға салынып, вибростолға қойылады. Вибростолды іске қосқанда ол дірілдеп ерітіндідегі артық ауаларды шығарып, нығыздалып қатаяды. Әр қалыпқа шамамен 10 келідей ерітінді кетеді. Дайын өнімді бөлмесіне апарып 24 сағат кептіреді. Міне, осындай процестерден кейін полифасад өнімі дайын болады. Өнім дайын болған соң 40 литр суға 10 литр тұз қышқылын қосып, қалыптар тазаланып, жуылады. Бүгінде сапалы дайындалатын бұл өнім – қасбетті өндеу мен әрлеуде таптырмас дүние. Өрнектасты дайындау жүйесі полифасадпен бірдей десе де болады. Онда тек, цементпен бірге қиыршық құм (ПГС) қосылады. Шикізатты кәсіпкердің өзі Шымкент қаласынан әкеледі. Күніне 60-100 шаршы метр өрнектас шығарылады. Ал өнімнің бағасы 2400-3000 теңгеден сатылады. Тұрғылықты үйлерден тапсырыстар түсіп жатыр.
«Алдағы уақытта тоқтап қалмай кәсібімізді кеңейту мақсатында цех салуды жоспарлап отырмыз. Фибра, бетон, фасад өнімдерін іске қосуды да. Жалпы ниеттенген жанға жасайтын жұмыс жетеді. Ізденіп, қызығушылық танытқандарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Ертең мұндай мүмкіндік болмай қалуы ықтимал. Сондықтан, ертеңгі күні «қап» деп өкініп қалмас үшін тәуекелді серік етіп, әркім қабілетіне қарай кәсіп ашып алғандары дұрыс. Қалай болған да жұмыс жоқ деп жатып алмай, ерінбей еңбек еткен жөн. Табыстың кілті табанды еңбекте екендігін естен шығармайық»,-дейді жас кәсіпкер.
Сүйікті жан жары, төрт тәп-тәтті балапандары бар кәсіпкердің еңбекқорлығына риза болдық. Расыменде, мемлекеттен қолдау болып тұрғанда жұмыссыз адамдардың кәсібінен нәсіп көруге зор мүмкіндік. Қолдағы қаржыны пайдаға жаратып, кәсіп ашу үлкен еңбек. Бақытжан секілді шаруаның басын қайырған азаматқа тұтынушыларыңыз көп болсын дейміз. Енді қалаға сенделмей, ауылда отырып-ақ өрнектасқа тапсырыс бере аласыз.
Күн НҰРЫ
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮЛКІБАСТЫ ЖАҢА ҚЫРЫНАН ТАНЫТҚАН ОРТАЛЫҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

БӘЙДІБЕК: «УАҚЫТ СІЗДЕРГЕ ЕМЕС, СІЗДЕР УАҚЫТПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУЛАРЫҢЫЗ КЕРЕК»

Оқи отырыңызМақалалар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4
ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨКПАРДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
428

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
349
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
211
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
157
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
152

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.