ОТЫРАРДА БІЛІМ ОРДАСЫНА ҒАЛЫМ, АКАДЕМИК РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ  — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОТЫРАРДА БІЛІМ ОРДАСЫНА ҒАЛЫМ, АКАДЕМИК РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 

02.12.2023
Жаңалықтар
0
ОТЫРАРДА БІЛІМ ОРДАСЫНА ҒАЛЫМ, АКАДЕМИК РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 

READ ALSO

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

Ғылым мен білімнің алдаспаны, қара сөздің зергері, ғалым-сыншы, филология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібайдың қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі орасан зор. Киелі Түркістан топырағында туылған ғалымның қазақ фольклоры саласында да қалдырған еңбектері келер ұрпаққа қажетті білімнің қайнары десек те артық айтқандық емес. Белгілі академиктің есімін ұлықтау мақсатында Отырар аудандық білім бөліміне қарасты «Мыңшұқыр» жалпы орта мектебінің атауы «Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» болып ауысқан болатын.
Бүгін аталған білім ордасында келелі жиын өтіп, Рахманқұл Бердібай атындағы мектеп мұражайының ашылу рәсімі өтті. Тәрбиелік маңызы зор тағылымды шараға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов, Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Маханбетов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Баршаңызды Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін орта мектебіндегі мұражайдың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Ғалымның хаты өлмейді, Жақсының аты өлмейді» деп дана халқымыз айтып өткендей артында өшпес мұра қылдырған елімізге белгілі жазушының есімі мәңгілік жадымызда сақталып қала берері сөзсіз. Бүгінгі қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым, сыншы, филиология ғылымдарының докторы Рахманқұл Бердібайдың есімімен аталатын мұражайдың жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда, ұлттық дәстүрлерді, тарихи құндылықтарды сақтауда, ұрпақтардың сабақтастығын нығайтуда маңызы зор деп санаймын»,-дей келе мектеп ұжымының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов көрнекті ғалым, қарымды қайраткер, еліміздің Ұлттық Ғылым академиясының академигі Рахманқұл Бердібайдың қазақ тарихы мен әдебиетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз екендігін айта келе, республика көлемінде ғалымның атымен аталған алғашқы мектептің бірі Отырар ауданында болуы қасиетті өлкенің ұлы тұлғаларға көрсеткен құрметі мен ұрпақ тәрбиесіндегі өнегелі жұмыстардың бірі екендігін атап өтті.
Мұнан соң Отырар ауданының Құрметті азаматы, ардагер Мырзахмет Темірбек пен ғылым докторы Арсылан Асанов және Р.Бердібайдың жақын туысы Бектас Шірікбаевтар сөз сөйлеп, ғалымның кездесулерде айтқан келелі әңгімелері мен орамды ойлары жайындағы естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында дарынды да талантты мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқып, құттықтауларын айтып, жан тебірентерлік патриоттық әндерін нақышына келтіре орындады.
Одан әрі жиынға келген көпшілік Рахманқұл Бердібай атындағы мектеп мұражайының лентасын қию рәсіміне қатысып, мектеп оқушыларының шығармашалық жұмыстарымен танысты.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

КЕЛЕС: ҚАЗІР МИЛЛИОНДАҒАН СОМА ТҰРАТЫН ҚЫМБАТ ОПЕРАЦИЯЛАР МӘМС ЕСЕБІНЕН ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АУДАН, ҚАЛАЛАРДАҒЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

03.06.2025
2
КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ
Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЫЛЫНА 500 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЙДЫ

03.06.2025
2
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады
Жаңалықтар

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу салалық бағыттар негізінде жүзеге асырылады

03.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 41 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ЖАЗҒЫ-САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНЕ БАРАДЫ

03.06.2025
2
ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

03.06.2025
2
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЖАЙҚАЛЫП КЕЛЕДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» ЖАЙҚАЛЫП КЕЛЕДІ

03.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.