Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың есепті кездесуі Бабайқорған ауылдық округінің тұрғындарымен өтті. Алдымен әкім өткен есепті кездесуде көтерілген өзекті мәселелердің шешімін баяндап өтті. Абай елді мекеніндегі Көксарай көпіріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт құны – 6,8 млн теңге. Бабайқорған ауыл округіндегі қоқыс полигонының аумағына қоршау орнату жұмыстары жүргізілген. Келісім-шарт құны – 7,0 млн теңге. Бабайқорған елді мекеніне воркаут, балалар алаңшасы, футбол алаңшасын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келісім-шарт құны – 18,1 млн теңге. Көше жарық шамдары бағаналарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
109 байланыс жүйесіне тұрғындардан түскен хабарламалардың басым көпшілігі ауыз су мен электр жарығы. Аудан әкімінің айтуынша ағымдағы жөндеу жұмыстары келесі жылдың І-тоқсанында толық аяқталады. Аудан бойынша 67 су айдайтын насос моторлары жаңартылды. Ауыл ішілік 117 көше тас төсеуді қажет етеді. Көшеге тас төсеу жұмыстары да келесі жылдың І-тоқсанына дейін аяқталады.
Аудан бойынша 1132 үйдің заңсыз салынғандығы анықталған. Оның 16-сы Бабайқорған ауыл округінде. 6 жер иеленушінің 1147 гектар жерін елді мекенің ортақ жайылымына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Бабайқорғандағы басты мәселе байланыс жүйесі. Аудан тұрғындары байланыстың нашарлығы туралы жиі шағымданады. Тиісті мекемеге халықтың мұқтажы жетті. Анықтап, зерттеп зерделеу жұмыстарының нәтижесінде байналыс операторларына заңды түрде шара көрілді.
-Түйткілді мәселені шешуге сылтауды тізбектемей, нақты шешу жолдарын ұсыну қажет. Атқарылуы тиіс жұмыстарды жандандыруды тапсырамын. Бабайқорғандық шаруалар бұған дейін ағын су мәселесін ұдайы көтеріп келеді. Ауданда 9 су каналының, 4-уі күрделі жөндеуді қажет етеді. Құрметті тұрғындар! Менің сіздерден жасыратыным жоқ. Кез-келген мәселені сіздермен кездесу келгенде ғана айтпай, күнделікті хабарлап отырсаңыздар, мәселе қордаланбайды,-деп жиынды қорытындылады аудан әкімі.