ORDABASY: ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН ЖАҢАРТА ТҮСЕДІ — Төрттаған
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ORDABASY: ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН ЖАҢАРТА ТҮСЕДІ

24.11.2023
Жаңалықтар
0
ORDABASY: ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН ЖАҢАРТА ТҮСЕДІ

READ ALSO

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,  Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Жеңіс ауылдық округінде тұрғындармен есепті кездесу өткізді.
Есепті жиында аудан басшысы жаз айында өткен есепті кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары бойынша баяндады.
Әрі «Ауыл аманаты» бағдарламасының ұтымды тұстары түсіндіріліп, тұрғындарды халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған мемлекеттік бағдарламаға қатысуға шақырды.
Ауылдық округте жоспарға сәйкес өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, коммуналдық саланы қамтыған жалпы 7 ұсыныс-пікір келіп түскен.
Кездесу барысында аудан әкімі Ө.Жәнібеков көшесіндегі қойылған жаңа бағаналарға электр желілерін қосу бойынша тұрғындар өтініші бойынша «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің келісімі негізінде бюджет есебінен орнатылған желілерін қосу жұмыстары желтоқсан айында іске асырылатынын жеткізді.
Сонымен қатар, Жамбыл көшесіндегі 305 шақырымдағы электр желілері мен ескі ағаш бағаналарды ауыстыру жұмыстары келесі жылға өтпелі екендігін айтып өтті.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселенің бірі — ауыз су мұнарасына барар 3 шақырым жолға тас төсеу болатын. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша МСА рәсімдері жүргізілуде.
Тұрғындар көтерген жеті мәселенің бірі ретінде аудан әкімі Дихан ауылына баратын 10 шақырым жолға асфальт төсеу, Жеңіс ауылынан балалар ойын алаңшасын салу жобалары келесі жылдың жоспарына енгендігін жеткізді.
Сондай-ақ, жеңістік шаруалардың түйіткілді мәселесі – жаз айларында ағын судан таршылық еді. Аудан басшысының айтуынша ауылдастардың осы мәселесін оңтайлы шешу үшін Р-6 каналында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмысына ауыл тұрғындарын бақылаушы ретінде қатыстырып, нәтижесінде мердегер мекемеге 50 см арнаның жалын көтеру үшін ұсыныс енгізілді.
Бүгінде Жеңіс елді мекенін табиғи газбен қамту үшін аудан әкімдігі тарапынан 1 млрд. 531 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, сараптама қорытындысы арқылы облысқа қаржы қаратуға ұсыныс енгізілген.
Есепті кездесулерде айтылған ауылдағы спорт кешенін салу ұсынысы бойынша округ әкімі аппараты ЖСҚ дайындап, аудандық бюджетке қаржы қарауға ұсыныс берілген. Ендігіде ауылдағы 80 соттық жерге ашық алаңша салу жоспарлануда.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары электр желілері, ауыл көшелерін ретке келтіру бойынша бірқатар сұрақтар қойып, аудан басшысынан қанағаттанарлық жауап алды.
Халықпен кездесуде аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы тұрғындарды ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, ауылдың қас-келбетін реттеуге, жасылдандыруға шақырды.
Әрі ауылдың орталық көшелерінің арықтарына жүргізілген су жүйесінің, С.Сейфулин көшесіндегі жөндеу жұмыстары, ауыл мектебінің құрылысы мен қысқы жылу маусымындағы нақты жағдайын тексеріп көрді.
Ауылды аралу барысында округ әкіміне көше бойларын ағартау, тал егу, тазалық шаралары бойынша нақты тапсырма берді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫ ЕКІНШІ «ҚАРАБҰЛАҚҚА» АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Қолөнер – күнкөрістің ғана амалы емес»

Оқи отырыңызМақалалар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар

«Мерейлі отбасы-2025»: Шымкентте қалалық комиссия отырысы өтті

22.07.2025
4
ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жаңалықтар

ШАРДАРАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

03.07.2025
4
КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Жаңалықтар

КЕНТАУДА «ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЖАСТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

03.07.2025
6
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

02.07.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ТӨЛЕБИДЕ  БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ БАЛАЛАРДЫ ЖЫЛ 12 АЙ САУЫҚТЫРУДАН ӨТКІЗЕТІН ЛАГЕРЬ АШЫЛДЫ

28.06.2025
5
МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА БИЫЛ «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

27.06.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
357
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
169
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
162

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.