ORDABASY: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫ ЕКІНШІ «ҚАРАБҰЛАҚҚА» АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ — Төрттаған
Воскресенье, 17 мая, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ORDABASY: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫ ЕКІНШІ «ҚАРАБҰЛАҚҚА» АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

24.11.2023
Жаңалықтар
0
ORDABASY: ҚАРАҚҰМ АУЫЛЫ ЕКІНШІ «ҚАРАБҰЛАҚҚА» АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

READ ALSO

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес,  Ордабасы ауданының әкімінің халықпен есепті кездесу кестесіне сай Қарақұм ауылдық округінде халықпен кездесу өтті.
Есепті жиынға аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков қатысты.
Аудан басшысы Азат Оралбаев ауылдық мәдениет үйінде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өзекті мәселелерге тоқталып, коммуналдық сала бойынша келіп түскен 4 ұсыныс-пікірге байланысты нақты жұмыстарды айтып берді.
«Өздеріңізге мәлім, кездесу барысында айтылған 2 мәселеден уақытылы оң нәтиже шығарылды. Қазіргі таңда ауылдағы К.Стаев көшесіне жол кедергісі қойылды. Ауылдағы қаңғыбас үй жануарларын аулап, жою іс-шаралары тұрақты жүргізілді», деді аудан әкімі өз сөзінде.
Бүгінде А.Молдағұлова және Т.Әубакиров көшесіне жарықшам орнатыу бойынша сметалық құжаттама әзірленіп, құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланса, жаңа құрылыс аумағындағы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын көшелерге тас төсеу бойынша бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Аудан әкімі қарақұмдықтармен кездесуде ауылдың алдағы уақытта шешімін табуды талап ететін бірнеше өзекті мәселесіне арнайы тоқталды.
Тарқатып айтар болсақ, елді мекен ішіндегі көшелерді Т.Рысқұлов-1,7 шақырым, К.Баймаханова-0,4 шақырым асфальттау бойынша құжаттамалары дайындалып, 2024-2025 жылдарға жоспарланды.
Сондай-ақ, ауыз судың кермектігін азайту үшін зерттеу, зерделеу жұмыстары жүргізіліп алдағы уақытта нақты шешу жолдары ұсынылмақ.
Ауылдың орталық Қ.Мұңайтпасов көшесінде 1,5 шақырым, Б.Досымов көшесінде 900 метр, Т.Әубәкіров көшесінде 800 метр аяқ жол салу бойынша 2024-2025 жылдарға жоспарлануда.
Есепті кездесуден соң аудан басшысы ауылдағы отбасылық мал бордақылау алаңдарын аралап, табысын еселеп отырған шаруалармен пікірлесті.
Бүгінде аталған ауылда 624 үй болса, соның 100-ге тартасы ата кәсіп – мал шаруашылығымен тұрақты түрде айналысуда. Ауыл әкімінің айтуынша жыл өткен сайын шаруашылықпен айналысушылардың қатары арта түсуде.
Қорада бордақыланған ірі қаралар облысы орталығы – Түркістан және Қарабұлақ базарларына ет өнімі ретінде саудалануда.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ауыл тұрғыны Нұрболат Дастанұлының 50 бастық ірі қара бордақылау алаңында болып, шаруашылық иесінің табыс көзіне қанықты.
Шаруақор азамат әрбір ірі қараны өздерінен өндірілген жем-шөп арқылы жемдеп, бір басынан 100-130 мың теңгеге дейін таза табыс табатынын жеткізді.
Аудан басшысы округ әкіміне ауыл шаруашылық саласындағы осы бағытты ауыл тұрғындары арасында кеңінен қолданып, мемлекеттік жеңілдетілген несие алу арқылы мал басын арттыруды тапсырды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ORDABASY: БӨГЕН АГРО СЕКТОРДЫ ДАМЫТУҒА ҚОЛАЙЛЫ АУЫЛ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК АУЫЛДЫҢ КЕЛБЕТІН ЖАҢАРТА ТҮСЕДІ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй және білім алуға 46,8 млн-нан аса АҚШ доллары бағытталды

21.04.2026
14
Жаңалықтар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 100 мыңнан астам азаматы үшін БЖЗҚ-ға жарналар аударылды

21.04.2026
10
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушылардың заңды өкілдеріне арналған нысаналы талаптар мен жинақтарға қатысты ақпарат

21.04.2026
9
Жаңалықтар

ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша шолу

21.04.2026
13
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

21.04.2026
11
Жаңалықтар

«Ұлттық қор – балаларға»: 41,84 млн-нан аса АҚШ доллары тұрғын үй және білім алуға бағытталды

21.04.2026
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
460

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
397
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
332
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
291
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
217

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.