Бүгін Түлкібас ауданында «Түркістан таланттары» жобасы аясында өңір қаламгерлерімен кездесу өтті.
Алдымен келушілерге «Жаңа ғасыр жауһарлары» тақырыбында жасақталған кітап көрмесі таныстырылды. Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова және аудандық маслихат төрағасы Хамит Байысбаев кешті ашып берді. Кеш кейіпкерлеріне Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың атынан алғыс хат табысталып, сый құрмет көрсетілді.
Кеш кейіпкерлері – Түлкібас ауданының перзенттері, Топанбай Мейірхан Мейрамбекұлы, жас ақындар Ақбота Бейбітбек, Арайлым Мұраталиева және Сезім Мергенбай сахна төрінде жиналған көрерменге өлең оқып, келушілермен сырласты. Шараны ақын Айдар Сейдазым жүргізіп отырды. Мектеп оқушылары ақындардың өлеңін оқып, әдебиетке асқан қызығушылық танытты.
Айта кетейік, аталған жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен Облыстық мәдениет және туризм басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалы және облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған. Жоба аясында облыстың өзге де аудан, қалаларында әдеби-мәдени кештер жалғасады.