ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ — Төрттаған
Пятница, 6 февраля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

23.11.2023
Жаңалықтар
0
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

READ ALSO

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

Түркістан облысының әрбір аудан, қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, облыс әкімімен арнайы жоспарлар бекітілген. Бұл ретте облыс тұрғындарының ұсыныстары өте маңызды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының кезекті бірыңғай қабылдауы Сайрам ауданында өтті. Манкент ауылында орналасқан «Өзге» спорт кешенінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Еркін форматта өткен қабылдауға келгендердің дені инфрақұрылым мен әлеуметтік салаға қатысты сұрақ қойды. Қазіргі таңда облыстың бірнеше ауданында газдандыру жұмысы қарқынды жүруде. Қабылдауға жазылған азаматтар Қасымбек Датқа ауылы, Жаңақұрылыс аумағына шамамен 1500 үйге табиғи газ тарту, Көлкент ауылына газ кіргізу мәселесін көтерсе, енді бірі «Қарамұрт-Газ» ЖШС-нің жайын айтты. Сондай-ақ ауыл тұрғыны «Құрлық ауылына мәдениет және спорт нысаны салынса» дейді. Өңірде ауыз су мәселесін реттеу қолға алынғаны белгілі. Аудан тұрғыны осы бойынша өтінішін жеткізді. Ал келесі азамат Қарабұлақ ауылындағы ауыз су мәселесінің шешілуіне байланысты алғысын білдірді.
Қарасу ауылы мен Шымкент қаласының шекарасындағы темір жол көпірін кеңейту, сонымен қатар субсидия жайы, аудан көлеміндегі көпқабатты тұрғын үйлер салу туралы да айтылды. Бидай жинайтын қойма салуға құзырлы органдардың кедергі келтіруі сөз болды. Ауыл тұрғыны Қарабұлақ ауылындағы «Қазпошта» және аурухана мәселесіне қатысты сұрақ қойды.
Жалпы қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуіне атсалысты. Қордаланған мәселелерді мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті сала мамандарына заң аясында шешуді тапсырды. Дәл осындай форматтағы жеке қабылдау барлық аудан, қалада жалғасады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ШАРДАРА: АУДАН ӘКІМІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ORDABASY: ШҰБАРСУДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ УАҚЫТЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Оқи отырыңызМақалалар

Әлемде

Накопленный чистый инвестиционный доход казахстанцев превысил 13,43 трлн тенге

21.01.2026
6
Әлемде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,82 трлн теңгеге жетті

21.01.2026
10
Әлемде

2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге шолу

21.01.2026
7
Әлемде

«БЖЗҚ» АҚ 2025 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелерін ұсынды

21.01.2026
6
Әлемде

Жыл басынан бері «БЖЗҚ» АҚ 40 млн-ға жуық қызмет көрсетті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) салымшыларға зейнетақы капиталын қалыптастыру қызметтерінің кең спектрін ұсына отырып, олардың тізбесін үнемі жаңартып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында белсене жұмыс істеуде. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

21.01.2026
6
Әлемде

Отандастарымыздың жинақталған таза инвестициялық кірісі 13,43 трлн теңгеден асты

21.01.2026
7

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
446

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
390
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
278
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
211
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
198

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.