Түркістандық делегация Өзбекстандағы сапары барысында Ташкент облысының Алмалық қаласында ақпараттық тур өткізді. Кездесуге жергілікті туристік операторлар мен сала мамандары қатысты.
Облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, «Керуен сарай» кешені, «Hampton by Hilton» қонақ үйі, Сарыағашта орналасқан шипажайлар, «Turan tour» туристік агенттігінің өкілдері Түркістанның тарихы, туристік ерекшеліктері, көрсетілетін қызмет түрлерін кеңінен таныстырды. Жиын қатысушылар қызықтырған сауалдарына жауап алды.
Жаңарған қаланың бүгінгі көрінісі таспаланған бейнероликтер тамашаланып, Түркістанның бренд бұйымдары тарту етілді. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері дәстүрлі әндерді орындап, ұлттық сусын – қымыз ұсынылды.