ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРЕЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ — Төрттаған
Понедельник, 30 марта, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРЕЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

21.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРЕЯ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ЕЛІМІЗДЕ БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

READ ALSO

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

Түркістан облысында Оңтүстік Корея елімен бірлескен жобалар жүзеге аспақ. Атап айтқанда, ІТ саласы бойынша техникалық жоғары оқу орнын ашу, сондай-ақ мақта тігін кластерін дамытуға бағытталған жаңа жобалар қолға алынады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунгпен кездесті. Кездесу барысында өңірде жүзеге асыруға болатын бірнеше бірегей жобалар талқыланды. Сонымен қатар шетелдік ғалым өңірде «жасыл» энергетика саласына қатысты жобалар ұсынды.
– Біздің шақыруымызды қабыл алып, Түркістан облысында жүзеге асыруға әлеуеті зор жобаларды талқылауға келіскеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Өңірімізде ІТ саласы бойынша техникалық жоғары оқу орнын ашуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ мақта шаруашылығымен айналысатын жалғыз өңір болғандықтан, біз текстиль кластерін дамытуға күш саламыз. Сонымен бірге «жасыл» энергетиканың болашағы зор екенін түсіне отырып, бұл бағытта да жұмыстарды да жандандыруды жөн санаймыз,– деді Дархан Сатыбалды.
Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг оқу бағдарламасынан бөлек «жасыл мақта» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. «Ақылды жоба» суды 60 пайызға үнемдейді және мақта өсіріп, жылына 2-3 өнім алуға болады. Мұндай жоба Қазақстанда жоқ. Өнімділік те жоғары, мақта сапасы да жоғары болады. Ең бастысы, жаңа технологиямен өсірілген мақта арқылы әлемдік сән әлеміндегі премиум брендтерге қолданылатын сапалы мата өндіреді. Бұл – тұрғылықты халық үшін тұрақты жұмыс орны және дүниежүзілік нарыққа жол. Кездесуде Түркістан облысында жасыл экономиканы дамытудың ең тиімді жолы ретінде жаңа технологиямен қамтылған жылыжайларда, яғни «ақылды фермада» өндірілген таза өнім, жасыл өнім үлкен сұранысқа ие болатыны айтылды.
Кездесуде тағы бір ерекше жоба талқыланды. Нобель сыйлығы иегерінің айтуынша, Корея елінде орналасқан әлемде жоқ бірегей желден электр қуатын өндіретін құрылғыны Түркістанда қоюға болады. Алып мұнараның биіктігі –100 метр, 10 қабатты. Бұл – қоршаған ортаға зиян келтірмейтін әрі бүкіл әлем назарын аударар туристік нысан болмақ.
– Мен жасыл экологияны қолдаушы ретінде Түркістан облысында іске асыруға болатын жобалардың жүзеге асуына ниеттімін. Бұл жоба энергия көздерін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға зиян келмейтін өнім шығарады. Туристерді тартуға мүмкіндік туады. Өйткені, ол ел қызығушылығын тудыратын әсем мұнара болады. Өңірде қалдықтарды өңдеу бойынша зауыт ашуға да мүмкіндік мол. Заманауи технология қоқысты өртемей, ысытады. Сонда ауаны ластамайды. Үздіксіз жұмыс істейді. Тиімді әрі экологиялық таза, шаһарды жасыл қалаға айналуға мүмкіндік береді. Ол үшін насихат керек. Халық түсініп, ауаны ластамауы тиіс. Бұл зауытта 4 тонна қоқыстан 1 тонна мұнай шығаруға болады, – деді Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг мырза.
Кездесу нәтижесінде қос тарап жобаларды тереңірек талқылауға, әріптестікті нығайтуға келісті. Облыс әкімі Түркістан өңірінде маңызды жобаларға толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

«ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ҚУҒЫН-СҮРГІН САЯСАТЫНЫҢ ҚАСІРЕТІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОРДАБАСЫДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

Адекватность пенсионных выплат: значимость раннего формирования пенсионных накоплений и регулярности пенсионных взносов

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқаруына қалай қайтаруға болады?

17.03.2026
6
Жаңалықтар

Зейнетақы төлемдерінің жеткіліктілігі: зейнетақы жинақтарын ерте қалыптастырудың және зейнетақы жарналарының тұрақтылығының маңыздылығы

17.03.2026
11
Жаңалықтар

Начисленный инвестиционный доход казахстанцев за 12 месяцев составил 2,28 трлн тенге

17.03.2026
5
Жаңалықтар

Как вернуть пенсионные накопления из доверительного управления УИП под управление Национального Банка Республики Казахстан?

17.03.2026
7
Жаңалықтар

Обзор инвестиционного портфеля под управлением НБРК и УИП по состоянию на 1 февраля 2026 года

17.03.2026
16

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
455

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
391
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
329
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
280
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
212

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.