ТҮРКІСТАН: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ — Төрттаған
Вторник, 28 октября, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

21.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӘЙЕЛДЕР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫН АЗАЙТУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

READ ALSO

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

Түркістан облысы әкімі жанындағы бала құқықтары, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде облыс көлемінде әйелдер жұмыссыздығын азайту жөніндегі шаралар, Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінен құрылған секторлардың атқарған жұмыстары және өзге де мәселелер қаралды. Мәжілісті комиссия төрағасының орынбасары Малика Жүсіпова жүргізіп отырады.
Жиында Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыруға 84,0 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 97 686 адам жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде, әйелдер 50 450 адам немесе 51,6%-ды құрайды. Тұрақты жұмыс орындарына 35 195 азамат жұмысқа жолданса, оның 15 664-і әйел. Субсидиялау арқылы уақытша жұмыс орындарына 34 959 азамат жолданса, оның 18 923-і әйел. «Бизнес-Бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерге оқуға 21 708 адам, оның ішінде 12 660 әйел жолданды. Ал, грант 1 687 адамға берілсе, оның ішінде 977-і әйел. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 242 әйел, enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 1984 әйел жолданды.
Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың II тоқсанының қорытындысымен жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құраса, әйелдер жұмыссыздығы 5,8%-ды құрады.
Басқосуда Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінен құрылған секторлар мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ұсыныстарын ортаға салды.
Отырыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның қызметін жетілдіру жөнінде шаралар кешені қабылданды. Күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауға бағытталған жаңа тәсілдер мен жұмыс регламенті бекітілді. Осыған байланысты әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 1 млн. 200 мыңға жуық әйел бар. Бұл – облыс халқының жалпы 49,2 пайызын құрайды. Республикадағы әрбір бесінші бала Түркістан облысында дүниеге келеді. Биыл 9 айда 41 233 бала дүниеге келген. Облыста демографиялық өсу деңгейі жоғары. Өңірде 177 мыңнан астам көпбалалы ана бар. «Алтын» және «Күміс» алқа таққан аналар саны жыл санап артып келеді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРУДЕ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫНДАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Жаңалықтар

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдер: 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі шолу

21.10.2025
29
Жаңалықтар

19,04 млн долларов США юные казахстанцы использовали в рамках программы «Нацфонд – детям»

21.10.2025
9
Жаңалықтар

«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылға арналған жылдық актуарлық есебін жариялады

21.10.2025
7
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері 30 миллионнан астам қызмет көрсетті

21.10.2025
8
Жаңалықтар

ЕНПФ представил годовой актуарный отчет за 2024 год

21.10.2025
6
Жаңалықтар

Инвестиции в будущее: совершеннолетние казахстанцы использовали более 22,29 млн долларов по программе «Нацфонд – детям»

21.10.2025
11

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
436

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
364
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
223
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
176
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
168

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.