ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДЫ СУ КӨЗДЕРІ ЗЕРТТЕЛЕДІ — Төрттаған
Понедельник, 16 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДЫ СУ КӨЗДЕРІ ЗЕРТТЕЛЕДІ

07.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МИНЕРАЛДЫ СУ КӨЗДЕРІ ЗЕРТТЕЛЕДІ

READ ALSO

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Сарығаштағы шипажайлар орналасқан Көктерек кентіндегі заңсыз құрылыстарға тосқауыл қойылып, кентті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді. Аталған мәселе облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Сонымен бірге Түркістан өңірінде туристік саланы дамыту жолдары да сараланып, салаға жауапты басшыларға тапсырмалар берілді.
– Өңірде туризмді дамытуда жүйелі және әр жылға индикаторлар көрсетілген нақты даму жоспары қабылдануы керек. Таулы аймақтарда әр кәсіпкер өз қалауынша әрекет етіп, нысандар салып жатыр. Ретсіз, жүйесіз ғимараттар көп. Не жоспары, не дизайны жоқ. Осыны реттеңіздер. Туризмнің әр бағыты бойынша жоспар жасаған жөн. Екіншіден, облыстағы шипалы су көздеріне түгел зерттеу жүргізіп, нақты мәліметін ұсыну керек. Адам денсаулығына пайдалы су қоры табылса, сол аумаққа шипажай, туристік кешен салайық. Сарыағаш ауданындағы шипажайлар аумағына зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Заңсыздықтарға тосқауыл қойылады. Ол аумақты дамыту бойынша да көп жылды қамтитын жүйелі даму жоспарын әзірлеу қажет, – деген Дархан Сатыбалды туризмді дамытуда шетелдің озық тәжірибелерін зерттеуді тапсырды.
Жиында Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев облысқа келуші туристер санын арттыру және туристердің болу ұзақтығын арттыру бағытында жұмыстар мен талдаулар жүргізіліп, ұсыныстар жинақталғанын айтты. Облыстағы экологиялық туризмнің келелі мәселелері: ретсіз демалыс орындары, қызмет сапасының төмендігі, статистикалық деректердің жүргізілмеуі және таулы аймақтардағы демалыс орындарының өзге әкімшілік аумақтарда тіркелуі. Мәселен, Төлеби ауданында орналасқан 76 демалыс аймағының статистика органдарында 39-ы тіркелген. Ал, Түлкібас ауданында орналасқан 27 демалыс аймағының 20-сы тіркелген.
Қордаланған мәселелерді шешу мақсатында жалпы «Түркістан облысының туризм саласын дамытудың 2024 — 2028 жылдарға арналған бағдарламасы» әзірленді. Бағдарламада орналастыру орындарын статистика органдарына тіркеу, әлеуетті инвесторларды тарту, инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қамтылған. Сонымен бірге балалар туризмін дамыту, спорттық туризмді дамыту, туристер санын көбейту және өзге де бағыттар бойынша ұсыныстар әзірленген. Биыл мәдениет және туризм басқармасы арқылы 25 республикалық және халықаралық іс-шара өткізілді.
2024 жылы Түркістан қаласы Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Осы орайда, келер жылы басқарма тарапынан 30-дан астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарлануда. Мамандар еліміздің өзге облыстары мен шетелдерге іссапарға шығып, туризмді дамыту тәжірибелерін жинақтап жатыр.
Көктерек кенті маңында туризмді дамытуға бағытталған арнайы экономикалық аймақ құру көзделген. Облыс көлемінде 12 минералды су көзі орналасқан. Аталған минералды су көздерінде 56 ұңғыма пайдаланылуда.
Мәжілісте «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешені» ЖШС-нің бас директоры Төлеген Байсейітовтің атқарған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, аталған шипажай Көктерек кенті және көршілес ауылдардың 416 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Білікті дәрігерлері, мамандары елге қызмет көрсетуде. 18 гектарда 28 ғимарат пен қосалқы нысандар орналасқан. Бұл ғимараттар ішінде жалпы 674 орындық 8 жатын корпусы бар. Қалғандары әкімшілік және асхана, емдеу корпусы және тағы басқа қосалқы шаруашылық нысандарынан тұрады. Шипажайлар санының артуы және демалушылардың көбеюі жаңа минералды су ұңғымасын қазуды талап етуде.
Облыс әкімі шипажайды дамыту жұмысын жандандыруды, ғимараттарды реттеу, қызмет сапасын көтеру бағытында нақты істер атқаруды тапсырды. Сарыағаштағы шипажайлардың жай-күйі тұрақты бақылауда болады.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРГЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ КЕРЕК

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

14.06.2025
4
ТҮРКІСТАН:  ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚУАҢШЫЛЫҚТАН ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ, ҚАЗЫҒҰРТ, ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

14.06.2025
3
Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары
Жаңалықтар

Қытай тарапынан Түркістан облысына деген қызығушылық жоғары

14.06.2025
3
ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН-ЦИНДАО БАҒЫТЫ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН

14.06.2025
3
МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жаңалықтар

МАҚТА МУЗЕЙІНДЕ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҒЫ ЖЫЛЫНА ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13.06.2025
3

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
165
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.