ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 17 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

08.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА ОБЛЫСТЫҚ ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Мақтаарал ауданында Түркістан облысының құрылғанына – 5 жыл және Мақтаарал ауданының 95 жылдығына орай, сонымен қатар «Түркістан мақамдары» терме жинақтарын дамыту мақсатында ақын, термеші Қайыпназар Әйтпеновтың 123 жылдығына арналған облыстық «Терме – бойтұмарым» атты термешілер байқауы өтті.
Аудандық «Мақтаарал» мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада алдымен термеші ақын-термеші туралы бейнеролик көрсетілді. Содан соң Мақтаарал аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова мен терме жанашырлары қатысушыларға сәттілік тіледі. Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров сайыс мақсаты қазақ халқының ән-жыр өнерін бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау және дамыту, талантты жас термешілерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсету екенін жеткізді.
Облыстық «Терме – бойтұмарым» байқауына 16 мен 35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысты. Бірінші кезеңде үміткерлер Қайыпназар Әйтпеновтың термесін орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыптағы термені орындады. ҚР Мәдениет саласының үздігі, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров, дәстүрлі ән терме Республикалық конкурстардың лауреаты Халықаралық жыршы, термешілерінің одағының мүшесі Аязбек Рустамов және ақын, сазгер Бауыржан Кеттебеков төрелік жасады.
Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен 1-орын Гүлбану Шалабаеваға (Созақ ауданы), 2-орын Нұрлыбек Қалман (Сауран ауданы) мен Жарқынбек Қалмұратовқа (Жетысай ауданы), 3-орын Сәкен Төретаев (Мақтаарал ауданы) пен Назира Оспановаға (Түркістан қаласы) және Арысбай Мұқасанға (Түлкібас ауданы) бұйырды. Ал Шоқан Теңлібаевқа (Отырар ауданы), Нұртуған Абылайұлына (Шымкент қаласы), Серік Тасқұловқа (Шардара ауданы), Әділбек Ғанисұлтанға (Төлеби ауданы) және Қайып Бейбітке (Арыс қаласы) арнайы жүлде табысталды. Сонымен қатар ұрпақтары атынан қаржылай сыйлық Отырар ауданынан келген Теңлібаев Шоқанға берілді. Байқауға қатысқан барлық үміткерге домбыра мен атақты термешінің кітабы сыйға берілді.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІК ЖАСТАР КӨПІРІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «RAIYMBEK FEST» І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.