ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА ӨКІЛДЕРІНІҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА ӨКІЛДЕРІНІҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

02.11.2023
Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА МЕДИЦИНА ӨКІЛДЕРІНІҢ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина инфрақұрылымын жақсарту қажет және оның жай-күйіне қатысты түйткілдер аз емес екендігін түсіндірген болатын. Бүгінде мемлекет соның бәрін біртіндеп шешіп жатыр.
Осы орайда, Түркістанда Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойына арналған «Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технологиялар – пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев көпшілікті құттықтады.
– Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерекесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қош келдіңіздер! Бұл аурухананың тарихы тереңде. 1868 жылы Шымкент қаласында әскери бөлім жанындағы шағын емхана ашылып, 1947 жылы облыстық ауруханаға айналды. Қазір 800 төсек-орындық ауруханада 1700-ден астам қызметкер бар. Олар Түркістан облысының тұрғындарына амбулаториялық және стационарлық медициналық көмек көрсетуде. Мұнда білікті дәрігерлеріміз жыл сайын 34 мыңдай пациентті стационарлық емдесе, оның ішінде 17 мыңдай науқасқа ота жасалады. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен медицина саласына тұрақты қолдау көрсетілуде. Облыс бойынша 25 мың дәрігер және осы сала өкілі ел денсаулығын түзеу жолында еңбектенуде. Соңғы жылдары облысымызда түрлі аурулардан болатын өлім-жітім және аурушаңдық төмендеді. Үш жылда облыста ана өлімі 70 пайызға, нәресте өлімі 11 пайызға төмендеді. Ана мен бала аурушаңдығын төмендету мақсатында медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуеті, жарақтандыру деңгейі көтерілді. Жалпы медициналық мекемелерге заманауи құрылғылар алынуда. Түркістан облысы бойынша жалпы құны 184,6 млрд. теңге құрайтын 6 медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда. Биыл «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық ауруханаларын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлінді. Өңірде 49 денсаулық сақтау нысаны 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында бой көтереді. Біз медицина саласына қолдау көрсетуді жалғастырамыз. Ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіздер, – деді Бейсен Тәжібаев.
Түркістан төріндегі конференцияның өткізілу мақсаты – мамандар арасында тәжірибе алмасу, халықтың денсаулығын сақтауға ықпал ететін жаңа медициналық білім мен технологияларды әзірлеу және нақты клиникалық практикаға енгізу. Маңызды жиында білікті дәрігерлер, профессорлар медицинаның түрлі саласы бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, мәселелерді талқылады. Емдеу саласындағы тың жаңалықтарды жариялады. Сонымен бірге үздік медицина қызметкерлеріне түрлі марапаттар тапсырылып, құрмет көрсетілді.
Конференцияның екінші күні шетелдік медицина орталықтары өкілдерінің қатысуымен Облыстық клиникалық ауруханасы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ғимараттарында хирургиялық және терапиялық бағыттар бойынша мастер-класстар өткізіледі.
Түркістан өңірінде дәрігерлер тапшылығын жою мақсатында жергілікті бюджет есебінен 2023 жылы 60 грант бөлінді және алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант санын 70 пайызға арттыру жоспарлануда. Ауылда жұмысқа орналасқан медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында 21 жас маманға 1,5 миллион теңге көлеміндегі әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Келесі жылға ауылдық жерлерде жіберілген жас мамандарға қолдау қаржысы ұлғаяды деп жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдар мен Денсаулық сақтау министірлігі бірлесе жұмыс атқарады. Келер жылға білім гранттары жүйеленеді. Әрбір жоғарғы оқу орындарының студенттерімен келісім жасалып, оларды нақты белгілі бір өңірдің қажеттілігіне қарай оқыту жоспарлануда.
Елімізде пандемия кезеңінде облысымыздағы медициналық қызметкерлердің шет елдерде білім жетілдіру мәселесі тұралап қалды. Осы мақсатта биыл 200 млн. теңге көлемінде қаражат қаралды. Осы арқылы медициналық қызметкерлер шет елдерде, атап айтқанда Швейцария, Германия, Франция, Турция, Ресей елдерінде білім жетілдіреді. Аталмыш бастама алдағы жылдары жүйелі түрде ұйымдастырылып, қаржыландыру көлемі артады деп күтіліп отыр.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҰСТАЗ “ҚОСЫМША ТАБЫС” ТАУЫП ОТЫР

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ-КОРЕЙ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРНЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

03.06.2025
4
Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане
Жаңалықтар

Цифровая трансформация системы ЧC в Казахстане

06.05.2025
4
Жаңалықтар

Алматы әуежайын дамытуға 362 млн доллар жеке инвестиция тартылады

06.05.2025
4
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 101 ЖАСТАҒЫ МАЙДАНГЕРМЕН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

06.05.2025
5
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе» При использовании материалов в СМИ ссылка на «Индустриальную Караганду» обязательна: https://inkaraganda.kz/novosti/obshhestvo/zhiteli-karagandinskoj-oblasti-aktivno-podderzhivajut-respublikanskuju-onlajn-akciju-doroga-k-pobede/

05.05.2025
4
Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»
Жаңалықтар

Жители Карагандинской области активно поддерживают республиканскую онлайн-акцию «Дорога к Победе»

05.05.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
355
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.