АДАЛДЫҚПЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА — Төрттаған
Пятница, 6 июня, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

АДАЛДЫҚПЕН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА

28.10.2023
Қоғам
0

READ ALSO

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Президентіміз Қ.Тоқаевтың басшылығымен Жаңа Қазақстан құру жолындамыз. Туралықты ту еткен Мемлекет басшысы әуелден басымдық танытып, ұстанымының бірін – әділдік деп атады. Ал оған бастайтын қадам – жемқорлықты түп-тамырымен жою.
Сол бағыт жолында ең басты мақсаттардың бірі — қоғамның барлық саласына сіңісіп кеткен сыбайлас жемқорлық көріністерімен күрес. Былайша қарағанда, ең алдымен сыбайластықты тоқтату жолы — адалдыққа тәрбиелеу. Демек, әрбір адамды сыбайластыққа төзбеушілікке дағдыландыру. Балабақшадан да бастау алса болады бұл үрдіс. Әрқашан шындықты айтуға, өтірік айтпауға, ұрлық істемеуге, өзгенің дүниесіне қызықпауға үйретуден бастаған жөн-ау.
Балалық шақта тек шындықты айту, өзгенің мүлкіне тиіспеуге үйреткен, ал сосын есейіп, бір маман иесі болып, жұмысқа кірсең де, тек өзіңнің тапқанына қанағат деген түсінік қажет-ақ. Қазір нарық заманына қарай ма? Тек бәсекелестік, ақша табу, дүниежарыс, ең мықты нәрсені иемдену деген нәрсе дамып кеткен. Бай мен жарлы баласының арасы да алшақ. Қазақстан негізінде зайырлы, құқықтық, унитарлы әрі әлеуметтік бағыттағы мемлекет. Дегенмен, демократиялық дамуы да бар. Қазір, адамның құндылығы оның қаржылық статусында секілді. Иә, қаржы қол байлайды. Кейде қатты құнығып, қосымша қаржы көзі деп өзінің қызметін де асыра пайдаланып кеткенін де байқамай қалатындар да жоқ емес.
Енді бір жағынан қарағанда жемқорлықсыз қоғам болуы мүмкін бе біздің мемлекетте? Қалай ойлайсыз?
Алдында да әлеуметтік желіде дау туғызған осы мәселе. Мысалы, бір отбасы ұлды болады, дүниеге шыр етіп, ұрпақ жалғастырушы келеді. Ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіліп, сол жердегі бір дәрігерімен сөйлесіп, қарауына, яғни жақсы қарап, босандырып алуына қосымша ақша береді. Бала туылды, оны шығарып алу үшін де, бала дәрігері рұқсат бермейді, одан қалса, «Баланы орадық» деп қараушы орта буын медицина қызметкерлері тұрады, оларға рахметін береді. Ал, баланы балабақшаға орналастыру үшін таныс тауып, ақша беріп, былайша айтқанда пара ұсынып, тез әрі ыңғайлы жерге апарады. Одан мектепке алғыр ғой, үздік бітірсін енді, қабілеті жақсы деп, обал болмасын, директорлармен сөйлесіп, келісіп, беретінін беріп, үздік бітіртеді. Енді ҰБТ-ға да келісіп, оқуға түседі. Грантқа, әрине. Тамаша, барша таныс құттықтап, қуанып жатады. Ол бала өсіп, оқу бітіріп, бір мамандық иесі болатын — Қазақстан азаматы. Сонда мемлекетімізде дүниеге шыр етіп келе саласымен бүкіл өмір бойы жақсы өмір сүру үшін тек пара ұсыну қажет секілді. Бұл қазіргі өмір ақиқаты ма? Пара беру де оңай емес. Қолың қалтырап, жалтақтап, толқып, өзіңді қинап, «Қалай ұсынсам екен?» деп қажеті жоқ секілді. Себебі, көзі ашық, өзіне сенімді, білімі жеткілікті, осы жұмысты да, осы кәсіпті де істей аламын деген азамат ешқашан ондайды ойламайды. Тек оңай жолмен олжалап үйренгендер сондай қадамға барар. «Әй, неменеге қиналасың? Шындық жоқ»,- дегендер де баршылық. Ал, Ислам дінінде де қанағатсыздық пен ұрлық — күнә. Әлеуметтік желідегі бұл мәселенің айтылғаны да жай емес шығар.
Егер осындай «бармақ басты, көз — қысты» болмай, бәрі адал қызмет атқарып, өз білімімен жетістікке жете білсе, тамаша емес пе?!
Менің ойымша, жүрегі таза, өзіне сенімді азамат әрқашанда діттеген мақсатына жетеді. Өмірде адал еңбекпен тапқан нәпақаң әрқашан тәтті, берекелі болады.
Мемлекетімізде осы бір сыбайлас жемқорлық көріністерінен арылу үшін еңбекақыны да көтеріп жатыр. Бұл қадам азаматтың өмір сүруіне қажеттіліктерін өтеп, асыра дүниеқоздыққа қызығушылығын кеміту үшін жасалып келеді. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қағидаттары да бар. Дегенмен, бұл дертті түбімен жою мақсатында бір ғана азаматтың емес, бүкіл қоғам болып күресу керек.
Отанымыз тамаша дамып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар да жеткілікті. Қандай тамаша елде тұрамыз!!! Өзіндік тарихы бар, кеңпейіл, дархан халықтың жері ұланғайыр. Тәуелсіздікке жету үшін ғасыр бойы тыным көрмей күресіп келген қазақ халқы. Табиғаты бойынша да, климаты да ерекше мемлекетпіз. Шүкір, бізде қаншама ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүріп келеді. Осының барлығы да Мемлекет басшысына тікелей байланысты. Мақтан тұтамын Отанымды!!!
Еліміздегі тамаша жетістіктерге жетуі мемлекетіміздің қарқынды дамуының арқасында болып тұр. Ал сыбайлас жемқорлық көріністері баршамыз бірлесіп, қоғам болып күресе алатын мәселе деген ойдамын.
Жарқын болашаққа өз елін сүйетін, білімді, адал жастармен барамыз десек, сыбайлас жемқорлықты қоғамда жиіркенішті әрекет ретінде көрсете беруіміз керек.
М.Кемелбекқызы,
«Мәртөбе» газетінің қызметкері.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ШАРДАРА АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Құқықтық сауат – әрбір азамат үшін маңызды

Оқи отырыңызМақалалар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

11.04.2025
6
Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды
Жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

11.04.2025
12
Қоғам

Түркістанда сотты болған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу бойынша форум өтті

15.03.2025
4
Жалған қоңырауларды қалай болдырмауға болады?
Қоғам

Алаяқтар әрекеті толастар емес

22.02.2025
4
Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!
Қоғам

Интернет-алаяқтыққа жол жоқ!

21.02.2025
9
Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты
Қоғам

Түркістан облысында полиция колледж студенттеріне интернет-алаяқтықтан сақтану жолдару туралы айтты

21.02.2025
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
431

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
354
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
215
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
163
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
157

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.