Түркістан музыкалық драма театры Әзербайжан елінде биыл жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің 100 жылдығына байланысты және Әзербайжан кәсіби ұлттық театрының 150 жылдығына, сондай-ақ ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай Шуша мен Бакуде өтетін І халықаралық театр фестиваліне «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық қойылымымен қатысады.
Жазушы-драматург Е. Аманшаевтың либреттосы бойынша сахналанған спектакльде көрген түсінен шошып, өлімнен қашады. Жерұйық мекенді іздейді. «Қайда барса да, Қорқыттың көріне» кезігіп, ақыры туған жері – Сырдарияға оралады. Қоюшы-режиссері – К. Семенов. Композиторы – Х. Шанғалиев. Көркемдік жетекшісі – А. Көпбасарова.
Айта кетейік, фестиваль мақсаты – ТҮРКСОЙ мен барша түркі халықтары арасындағы ынтымақтастық перспективаларын одан әрі кеңейту, заманауи театр өнерінің озық үлгілерін таныстыру, халықаралық байланыстарды дамытуға қолдау көрсету, жаңа сахналық стильдердің танымал болуына жағдай жасау.