ҚР Президенті Жолдауында Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдауға арналған тапсырма екі жылдан бері орындалмай жатқандықтан, бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек екендігін басымдылық беріп айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы біз сынды кәсіпкерлердің жұмысы одан әрі дамып, жандануына ықпал етеді деген ойдамын. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайтынын тілге тиек еткен Президент оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн санады. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізілетін болды.
Осы орайда, Түркістан облысында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында бірқатар жобалар қолға алынып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті кәсіпкерлер де өз кәсібін дөңгелетіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға атсалысуда.
Осы орайда, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Искаков Қарнақ ауыл тұрғындарымен кездесіп, шаруалардың жұмысымен танысты. Ең алдымен Ырмақ су қоймасының қысқы маусымға дайындық барысын бақылады.