ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ — Төрттаған
Пятница, 17 июля, 2026
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

07.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

READ ALSO

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

Түркістан облысында «Туған жер – алтын бесігім» атты қала, ауданаралық мәдениет күндері бастау алған болатын. Осы орайда мәдени байланысты нығайтуға бағытталған шара аясында Бәйдібек ауданының Созақ ауданындағы мәдениет күндері өткізілді.
Бәйдібектік өнерпаздардың Созақ ауданының орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде «Берекелі Бәйдібектен – шежірелі Созаққа сәлем!» атты Гала-концерті өтті. Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Берік Тұрлыбеков пен Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысты. Бәйдібектен Созаққа естелік ретінде сый табысталып, құрмет көрсетілді. Шарада Берік Нұрғалиұлы көрші орналасқан Созақ ауданының халқына құттықтау тілегін білдірді.
– Құрметті созақтықтар! Бәйдібек ауданының өнерпаздары бүгін таңертеңнен сіздердің алдарыңызда өз өнерін көрсетуде. Қаратаудың екі бетін бойлай орналасқан екі аудан бір-бірімен жақын болып кеткені шындық. Созақ – қазақтың қасиетті мекені. Созақ даласының тарихтағы орны қазақ әдебиетінде Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан бастап, көптеген тарихи романдарда айшықталған. Мұнда Алпамыс батыр жырында айтыла беретін Баба түкті Шашты Әзіз жатыр. Түгел түркі жұртына ортақ тұлға Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың жаназасын шығарған Қара бура әулие де осында. Елім-ай әніндегі, «Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген атақты Қаратауда осы Созақ ауданында көсіліп жатыр. Қазақ тарихы айтылғанда Созақ даласын айналып өте алмайды. Өйткені қазақ ел болып ең алғашқы туын тіккенде Созақ астана болды деген деректер бар. Бұл – Созақ шежіресі. Қазақтың ұлы классик жазушысы М.О.Әуезов «Шаян барсаң әншімін деме, Созақ барсаң күйшімін деме» деген сөзін дәлелдеп келе жатқан екі ауданның өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеймін, – деді Берік Тұрлыбеков.
Аудандық мәдениет үйінде «Бәйдібек – ғажайып өлке» сурет көрмесі, «Бәйдібегім – туған өлкем, тұнған жерім, шежірем» кітап көрмесі және түрлі қолөнер шеберлерінің көрмесі орнатылып таныстырылды. Шара барысында Ш.Мұртазаның «Домалақ ана» драмасы сомдалып, «Төркіндеу» дәстүріне байланысты көріністер көрсетілді. «Сырлы Созақ кең далам Бәйдібектен сәлем жолдап ән салам» атты О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебінің «Саз отау» ұлт-аспаптар оркестрінің концерті өтіп, бәйдібектік композиторларының әндері шырқалды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОРДАБАСЫ ӨНЕРПАЗДАРЫ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА БӘЙДІБЕК ЖӘНЕ ТӨЛЕБИ АУДАНДАРЫ МУЗЕЙІНІҢ КӨРМЕСІ ҚОЙЫЛДЫ

Оқи отырыңызМақалалар

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Музыка колыбели: в Шымкенте новорожденных встретили звуками священной домбры

06.07.2026
4
Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді
Мәдениет

Ұлттық домбыра күні Шымкентте дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетілді

06.07.2026
4
День, когда город наполнили звуки домбры
Мәдениет

День, когда город наполнили звуки домбры

06.07.2026
4
Домбыра үні тербеген күн
Мәдениет

Домбыра үні тербеген күн

06.07.2026
4
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

Домбра, объединяющая поколения

05.07.2026
3
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА
Мәдениет

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН ЖАЛҒАҒАН ДОМБЫРА

05.07.2026
4

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
464

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
400
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
333
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
293
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
220

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.