ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ — Төрттаған
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

06.11.2023
Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы, Облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен 2 қазанда басталған «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар арасындағы облыстық байқауы өз мәресіне жетті. Марапаттау рәсіміне басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.
– Мәдениет ауылдан басталады. Талай өнерпаздар ауылдан шыққан. Өздеріңізге белгілі, биыл облыстың құрылғанына 5 жыл. Түркістанымыз көркейіп, заманауи мәдениет нысандары ел игілігіне берілді. Бес жылдық аясында кең көлемде бірқатар шара өткіздік. Соның бірі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі нағыз мәдениеттің үлгісін көрсете білді. Облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы Түркістан нағыз мәдениеттің ордасына айналуы керек деген тапсырма берген болатын. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бүгінгі байқаудың да мақсаты сол, ауыл мәдениетін қолдауға бағытталған. Әлі де жалғасын табады деген сенімдемін, – деді Әзімхан Серікұлы.
Ауыл мәдениетінің бүгінгі жай-күйі басты назарда. Маусым айында Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай жиындарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды да ауылдардағы мәдениет үйлерінің санын арттырып, сапасын көтеру керектігін айтып жүргенін жеткізген болатын.
Ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына қолдау көрсету, оларды насихаттау, халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, мәдениет мекемелерінің жұмыс сапасын арттыру мен халық шығармашылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға жалпы 167 мәдениет ошағы қатысты. Оның ішінде 83 ауылдық мәдениет үйі және 84 ауылдық клуб бар. Сайыс талаптары бойынша ауылдық мәдениет үйлерінің басшылары және ауылдық клуб меңгерушілері өз жұмысын қорғады.
Кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын жақсарту бойынша, олардың жергілікті жерде халық шығармашылығының жанрларына сай түрлі байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыруына, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысуына, мәдениет ошағындағы іс-құжаттарының жүргізілуіне, көркемөнерпаз ұжымдары мен түрлі үйірмелердің және «Халықтық» атағы бар ұжымдардың жұмыс деңгейіне, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың ішкі және сыртқы көрінісіне (көрермен залы, үйірме бөлмелері мен сахнасы, фойесі байқауға лайық безендірілуі, әдістемелік бөлмелердің жұмысы), мәдениет ошағының техникалық базасына назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен ауылдық мәдениеті үйлері бойынша бас жүлде «Бірлік» ауылдық мәдениет үйіне (Жетісай ауданы), І орын «Балықты» ауылдық мәдениет үйі (Түлкібас ауданы) мен «Қызылқия» ауылдық мәдениет үйіне (Қазығұрт ауданы), ІІ орын «Сарқырама» ауылдық мәдениет үйі (Төлеби ауданы) мен «Темір» ауылдық мәдениет үйіне (Отырар ауданы), ІІІ орын «Жібек жолы» ауылдық мәдениет үйі (Сайрам ауданы) мен «Бесқұбыр» ауылдық мәдениет үйіне (Келес ауданы) және «Қ.Тұрысбеков» ауылдық мәдениет үйіне (Шардара ауданы), «Атакент кенті» ауылдық мәдениет үйіне (Мақтаарал ауданы) бұйырды.
Ауылдық клубтар бойынша бас жүлде «Әлімтау» ауылдық клубына (Сарыағаш ауданы), І орын «Монтайтас» ауылдық клубы (Арыс қаласы) мен «Тайқоңыр» ауылдық клубына (Созақ ауданы), ІІ орын «Қазақстанның ХХХ жылдығы» ауылдық клубы (Сауран ауданы) мен «Бейнеткеш» ауылдық клубына (Төлеби ауданы), ІІІ орын «Түлкібас» кенттік клубы (Түлкібас ауданы) мен «Байылдыр» ауылдық клубына (Кентау қаласы) және М.Оразалиев ауылдық клубына (Сайрам ауданы) бұйырды.
Сонымен қатар «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері», «Үздік клуб қызметкері», «Үздік мәдениет қызметкері», «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік жас маман», «Үздік мәдени ұйымдастырушы», «Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері» секілді арнайы жүлделер табысталды.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АЛҒАШ РЕТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.