САУД АРАБИЯ МЕМЛЕКЕТІНДЕ ӨТКЕН ЮНЕСКО-НЫҢ ЖИЫНЫНДА ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЕРЕКШЕЛІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

САУД АРАБИЯ МЕМЛЕКЕТІНДЕ ӨТКЕН ЮНЕСКО-НЫҢ ЖИЫНЫНДА ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЕРЕКШЕЛІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

03.11.2023
Мәдениет
0
САУД АРАБИЯ МЕМЛЕКЕТІНДЕ ӨТКЕН ЮНЕСКО-НЫҢ ЖИЫНЫНДА ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ЕРЕКШЕЛІГІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген 45-ші сессиясы өтті. Ал секциялық отырыста Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйі талқыланып, Түркістан өңірінің туризмі таныстырылды.
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты Өкілдігі ұйымдастырған бұл іс-шара қалаларды сақтау мәселелерін жаһандық деңгейде талқылауға ықпал етті. Іс-шараны ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының бас хатшысы Әлия Байсабаева модераторлық етіп жүргізіп отырды. Мәжіліске ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле арнайы шақырылды.
Алдымен Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Берік Арын, Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Рысбек Әлібеков, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра орталығының директоры (Париж) Лазар Элунду Ассомо, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова құттықтау сөзін арнап, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Елші әрі ЮНЕСКО-дағы ҚР Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахманов бейнебайланыс арқылы онлайн қатысты.
Түркістан облысы әкімдігінің өкілі ретінде «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің бас директоры Серікболсын Сандыбаев «Тұрақты туризм, экономикалық өсу және әлеуметтік даму» тақырыбында баяндама жасап, өңірдің туристік ерекшелігін таныстырды.
– Өздеріңізбен бүгінгідей өте маңызды жиында жүздескеніме қуаныштымын. Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыруға ықпал еткен елші әрі ЮНЕСКО-дағы ҚР Тұрақты өкілі Асқар Әбдірахмановқа алғыс білдіреміз! Биыл маусым айында ЮНЕСКО-ның бас директоры Одрэ Азуле Қазақстандағы сапары барысында Түркістан қаласына келіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралаған болатын. Түркістан облысы – Қазақстанның туризмін дамыту тұрғысынан жоғары әлеуетке ие өңірлерінің бірі. Облыс аумағында туризмнің 3 бағыты айқындалған. Олар тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі. Түркістан өңірі – тарихи және мәдени мұраға және ашық аспан астындағы мұражайға бай. Облыс аумағында 1770 тарихи және мәдени ескерткіш орналасқан. Ал емдік-сауықтыру бағыты бойынша 72 шипажай жұмыс істейді. Түркістан облысының табиғаты алуан түрлі. Қаланың қарбаласынан үзіліс алғысы келетіндер тау бөктеріне барып демалады. Өңірде 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар. Атап айтқанда, «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, «Сырдария-Түркістан» және «Сайрам-Өгем» табиғи парктері. Жыл соңына дейін облыс аумағында халықаралық және республикалық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Бірінші кезекте өңір тұрғындары мен қонақтарының тиімді уақыт өткізуіне бағытталған. Жоғарыда аталғандардың барлығын ескере отырып, сіздерді Түркістан облысына саяхат жасауға шақырамыз. Сапарларыңыз жаңа сезімдер мен өзгеше эмоцияларға толы болатынына сенімдімін, – деген С.Сандыбаев қатысушыларға брендтік өнімдер, ақпараттық үлестірме материалдары мен қолөнер бұйымдарын табыстады.
Сондай-ақ өкіл Түркістан облысына барудың 10 негізгі себебін атап, жекелей тоқталып өтті. Дәлірек айтқанда халықаралық мәртебесі бар ескерткіш, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енгізілген Түркістан өңірінің басты туристік тартымдылығы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, мистикалық орын ретінде танымалдығы артқан – Ақмешіт үңгірі, 50-ден астам шипажайы бар Сарыағаш курорты, таулы аймақтарда демалу, қайта жанданған Түркістан қаласы туралы, сондай-ақ қолөнер бұйымдары, жергілікті тағамдар бойынша ақпараттар ұсынылды.
Мұнан соң сарапшылар өз идеялары және тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Әрі қарай бейне-таныстырылым мен ұлттық музыкалық қойылымдар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысына келушілер мен туристердің саны артқан. Оның ішінде биыл 8 айда ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 115 мың адам демалған. Ал былтыр 12 айда 74,9 мың адам келген болатын. Сондай-ақ биыл 8 айда Түркістан қаласына біркүндік келушілер саны 519,3 мың адамға жетті.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАДА БАУЫРЛАС ЕЛДІҢ ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ТҮРКІСТАНДА «KITAP TRAVEL — 2023» ЖОБАСЫ ЖЕТІСАЙ КӨШІМЕН ЖАЛҒАСТЫ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА МАХМҰД ҚАШҚАРИДІҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ 950 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

10.06.2025
7
ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ СӘУЛЕТШІЛЕРІ МЕН РЕСТАВРАТОРЛАРЫНЫҢ СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

10.06.2025
6
ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Мәдениет

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕНІҢ» КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

08.06.2025
3
ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ
Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА БИ ҰЖЫМДАРЫ БІР МЕЗЕТТЕ ӘНҰРАН ШЫРҚАДЫ

04.06.2025
4
ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҮЗДІК ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30.10.2024
13
МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!
Мәдениет

МЕРЕКЕҢМЕН, МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ!

06.09.2024
12

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.