Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов 1 қазан — халықаралық Қарттар күніне орай ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. «Қарттарым — асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарада аудан басшысы ыстық ықыласын жеткізді.
— Сіздерді БҰҰ Бас Ассамблеясы қарттар күні деп жариялаған, бүгінгі мейірім мен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін біз қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет— деді аудан әкімі.
Бүгінде қалада 18 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде 2 ұлы Отан соғысы ардагері мен 442 тыл еңбеккері бар. Ақсақалдарға барынша қолдау көрсетіліп, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп отыр.
Мерекелік іс-шарада елдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер Сайрам ауданы әкімінің Алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен бірге, бүгін 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Осыған орай аудан әкімі Арман Сәбитов ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады. Бірінші аудан басышысы ұлы Отан соғысы ардагері Ахмеджан Анартаевтың шаңырағынан бастады. Қариямен әңгімелескен Арман Сәбитов ақсақалға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тіледі. Бүгінде қария 96 жасқа келіп отыр. Ардагер 1944 жылы 26 қарашада әскер қатарына шақырылған екен.
Мұнан соң аудан басшысы Ақсукент ауылдық округінің ұлы Отан соғысы ардагері, 100 жастағы Мухаррам Агзамовичтың үйіне арнайы барды. А.Сәбитов «Қарттар күні» мерекесіне орай ыстық ықыласын жеткізді. «Қарттар біздің қазынамыз. Елімізде қарттарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір бөлігіне айналды. Сіздерге құрмет көрсету біздің парызымыз. Өмір жолдарыңыз, ерліктеріңіз өскелең ұрпаққа қашан да үлгі», — деді аудан әкімі Арман Сәбитов. Өз кезегінде ұлы Отан соғысы ардагері көрсетілген құрметке алғысын айтты.