Созақ ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығында ардагерлер арасында бильярдтан жарыс өтті. Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен сайыста 70 жасқа дейінгі және 70 жастан асқан қариялар екі топқа бөлініп өзара бақ сынасты.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, қарияларға ізгі тілегін арнады. Одан бөлек, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов жарыстың шарттарымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталған сайыста ардагерлер турнир басталғаннан ептіліктерін көрсетіп, жарысты қыздыра түсті. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом мен сыйлықтарға ие болмақ.