«Ауыл аманаты» жобасына Жетісай ауданынан Қарақай, Ж.Ералиев, Қазыбек би және Мақталы ауылдық округтерінің тұрғындары қатысуда. Бүгінде жалпы аудан бойынша өткізілген 1 млрд. 301,3 млн. теңгенің 219 құжатынан «Ырыс» МҚҰ арқылы 1 млрд. 21,7 млн. теңгенің 176 жобасы мақұлданған. Оның ішінде 555,4 млн. теңгеге жасалған 102 бизнес-жоба қаржыландырылған.
Нақтырақ айтар болсақ, Қарақай ауылдық округі бойынша 281,9 млн. теңгенің 55 жобасы мақұлданып, 198,5 млн. теңгеге 41 жобасы қаржыландырылса, Ж.Ералиев ауылдық округінен 32 бизнес-жоспар қолдау тауып, 183,9 млн. теңгеге қаржыландырылған.
Одан бөлек, Қазыбек би ауылдық округінен 125,8 млн. теңгеге 21 жоба, ал, Мақталы ауылдық округі бойынша 8 жоба 47,3 млн. теңгеге қаржыландырылған. 4 ауылдық округ бойынша қаражат алған 102 жоба иесінің 9-ы өсімдік шаруашылығын, 83-і мал шаруашылығын таңдаса, 10 жоба түрлі қызметтерді көрсетуге арналған.
«Ауыл тұрғындарының табысын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы тұрғындардың 24 жобасы кепіл шартына тұрып жатса, 8 жобаның кепіл шарты халыққа қызмет көрсету орталығында тіркелу үстінде», дейді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков.