Созақ ауданында «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығында жыл басынан бері 1261 ардагерге түрлі бағыт бойынша қызметтер көрсетілді.
Озақ ауданының орталығында 2022 жылдың 9 қыркүйек айынан бастап ашылған «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бүгінде ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға қызметтер көрсетуде.
Биылғы жыл басынан бері 1261 зейнет жасындағы ардагерлер мен 343 мүгедектігі бар азаматтар түрлі бағыттар бойынша қызметтер алуда. Мүгедектігі бар азаматтар мен олардың отбасыларына психологиялық көмек көрсетіліп, тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқыту мен техникалық құралдарды пайдалануды үйретуде.
Сондай-ақ демалушыларға спорттық дене шынықтыру, массаж, көңіл сергіту шаралары, зиятркерлік ойын түрлері мен рухани- танымдық шаралар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын ұстануға басым бағыттар ерілуде.