Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында – келер жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру. Қазіргі жұмыссыз жүрген жастарды кәсіппен баулып, жұмыспен қамту – ұлттың болашағына жасалып жатқан үлкен қадам. Сондай-ақ, Жолдауда Мемлекет басшысы қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсету туралы айтты.
Түркістан өңірінде кәсіптерін дөңгелетіп отырған шаруа қожалық иелері аз емес.
Бүгінде Созақ ауданында шаруа қожалықтарды өркендету, оның ішіндегі етті бағыттағы мал шаруашылығын дамыту күн тәртібінен түскен емес. Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков, халықпен есептік кездесу барысында ауыл шаруашылықты дамытудың маңыздылығына тоқталып келеді.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылып, субсидия бөлінуде. Бірнеше шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісіне көшті. Аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, сала орынбасарлары мен тиісті бөлімдер ауыл округтер мен елді мекендерді аралап, субсидиялау, жеңілдетілген несие, грант алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ аудан мал шаруашылығына қолайлы аймақтың бірі болғандықтан жылдан-жылға мал басының саны артып келеді.
Бүгінде жұмысын жандандырып отырған қожалықтың бірі Созақ ауылындағы “Балтабай” шаруа қожалығы. Қожалық 2005 жылы құрылған. 2018-2019 жылдары мал бордақылау алаңын салып, ет өндіру бағытына басым бағыт берген. Заман талабына сай соғылған жайдың сыймдылығы 250 бас малды бордақылауға мүмкіндік береді. Арнайы мал сою алаңы, қора жай, мал азығын сақтайтын орын бар.
Шаруа қожалық төрағасы Темур Балтабаев -Біздің шаруа қожалықтың басым бағыты – мал басын көбейтіп, ет өнімінің сапасын арттыру. Мұнда жылына 250-300 тоннаға жуық ет өнімін өндіреміз. Бүгінде шаруа қожалықта 26 адам жұмыспен қамтылуда, — дейді.