Мақтаарал ауданында пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова төрағалық еткен іс-шараға аудан прокуратурасының аға прокуроры Жеңіс Сәрсенбай, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Гүлнар, ауданның халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Жақсыбек Тоқбергенов, аудандық пробация бөлімінің бастығы Нартай Сабаев және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Ауданда жалпы 107 азамат пробация есебінде тұрады. Жәрмеңкеде аталан азаматтарға мемлекеттік және жекеменшік мекемелерден жалпы түрлі жұмыс орындары ұсынылды. Нәтижесінде 6 азамат ұсынылған жұмыс орындарына жұмысқа кіруге келісіп, қалған азаматтар кенттер мен ауылдық округі әкімі аппараттарына ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды.