ТҮЛКІБАСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ — Төрттаған
Среда, 2 июля, 2025
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
Төрттаған
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Әдебиет
  • Қоғам
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт
No Result
View All Result
Төрттаған
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТҮЛКІБАСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

29.07.2023
Қоғам
0
ТҮЛКІБАСТА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

READ ALSO

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қойған міндеттердің бірі –ол бала тәрбиесі. Ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу –біздің борышымыз. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс-тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесінде алға басары сөзсіз. Экологиялық проблеманың салдарынан қазіргі күні өмірге келген балалардың денсаулығында көптеген ақаулықтар байқалған. Мұндай ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің қоғамға бейімделуі үшін жан-жақты жағдай жасауда. Осы мақсатта Түлкібас ауданында алғаш рет жаңадан бой көтерген «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Ақ Мейір» балаларды дамыту және инклюзивті білім беру орталығы ашылды.
Орталық бір жыл бұрын ақылы түрде бастаған, мемлекеттің қолдауымен қазір тегін көмек көрсетеді. Мұнда психолог, дефектолог, логопед, емдеу сауықтыру мамандары балалардың ой өрісін дамыту үшін жұмыс жасайды. Арнайы мамандардың қабылдауында болып, аптасына үш рет келіп таңертеңнен түске дейін тегін білім алып, балалар ортаға бейімделе бастайды. Баланың жан жақты дамыту үшін инклюзивті алаң құрылған. Сондай-ақ мекемеде 7 маман жұмыс жасайды, 5 арнайы маман, 1 кординатр, 1 есепші жұмыс жасайды. Сондай-ақ арт терапия пен құм терапия мамандары бар. Екі қолмен сурет салдырады. Бәрімізге таныс бұл зат жай ғана – құм. Бірақ шын мәнінде бұл таңғажайып керемет материал. Бала құммен ойнай отырып, өзінің бойындағы ауыр сезімді ұмыта бастайды. Сонымен қатар, ойын үстінде өзінің көңіл-күйін көтерумен бірге, өзін –өзі емдей алады. Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан-жақты дамуына «құм терапиясының» тигізер үлесі өте зор. Сонымен қатар, баламен жеке және топпен оқу және түзету-дамыту жаттығулары жүргізіледі. Одан бөлек мектепалды даярлау бөлімі бар оны оқыған балалар арнайы комиссиядан өтіп, соның нәтижесінде мектепке бару мүмкіндігіне ие бола алады. Жыл сайын дамуында түрлі ауытқулары бар 150 – ден астам балаға тегін кызмет көрсете алады. Осындай қолдаулар арқылы ерекше білім алатын балалар назардан тыс қалмай, қатарынан кем болмай өсетініне бар жағдай жасалынып келеді.
Бала-еліміздің болашағы. Олардың жақсы өмір сүріп, азамат болып қалыптасуы үшін әрбіріміз жауаптымыз. Өмірге бірдей болып келгенімен, әрбірінің өзіне тән ерекшеліктері болады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, ауданда 700 –ге жуық бүлдіршін әр түрлі диагноз бойынша ерекше күтімді қажет ететін бала ретінде тіркеуге алынған. Аталған орталықты ашудағы басты мақсат- осындай балалардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, әлеуметтік бейімделуге және денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасау.
-Өкінішке орай, ауданымызда ерекше күтімді қажет ететін балалар қатары күн санап артып келеді. Ал оларды дамытып, қоғамға бейімдейтін орталықтар аз. Мен мектепте ұстазбын. Әр сыныпта кемі екі-үш бала ерекше балалар кездеседі. Тілінің мүкісі бар балалар, психологиялық дамуы тежелген, зейіні төмен, жеңіл диогнозы бар, нәтиже шығаратын балаларды аламыз. Мұғалім болып жүріп зерттей бастадым. Ашылғанымызға 1жыл болды. Біз бір жылда 300 балаға көмектесіп, нәтиже шығардық. Сондықтан мен осы жобамды әзірлеп, «Самұрық-Қазына» қорына ұсынған болатынмын. Бізге қызығушылық танытып, қолдап келеді. Айтар алғысым шексіз.Менің негізгі қағидам – халыққа тегін қызмет көрсету. Алдағы уақытта нәтижелі жұмысына куә боласыздар деген ниеттемін», — деді жоба авторы Нұрболат Жұмабайұлы.
Жобаның жұмысын дөңгелетіп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционерлік қоғамының бірлестігі пайдаланушыға осы шартта көзделген талаптарда 16 432 528 теңге сомасында қайырымдылық көмек көрсетті. «Ақ Мейір» қоғамдық қоры балаларды дамыту және инклюзивті білім беру қажеттіліктері бар 150 бала мен жасөспірімдерді тәрбиелеп және түзеп оқыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу арқылы қоғамға көмектесіп келеді.
Орталыққа аптасына 3 рет ерекше күтімді қажет ететін балалар кездесіп келіп отырады. Балалармен арнайы тәжірбиелі мамандар жұмыс жасайды. Мұнда оларға қажетті барлық жағдай жасалған. Орталық балалардың білім алуына, ақыл-ойын дамытуына және шығармашылықпен айналысуына қолайлы етіп жабдықталған. Орталықты таныстыру барысында балапандардың әр бірінің көздерінде нұр бар. Ерекше көңіл сыйлайтын білікті ұстаздары арнайы кабинеттерде балаларға құммен жұмыс жасауды, сурет салғызып, музыка тыңдатып, ақыл-ойын дамытатын түрлі тапсырмаларды орындау үстінен түсіп, куәгер болып қаттым. Арнайы логопед, дефектолог, тәрбиеші асистент осы балаларға деген жылуылық пен камқорлық танытқаны сезіледі. Мамандар әр баланың ата-анасымен тығыз байланыста. Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін мұғалімдер естен шығармайды. Әрине мұндай балалар қоршаған ортада өзін замандастары арасында еркін болғысы келеді. Сондықтан бақытты балалардың болашағының бастамасы болған бұл ұйым жарқын болашақ үшін маңызды.
Мүндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Жанкешті мамандардың көмегімен қаншама ерекше бала қажетті емін алып, денсаулығын түзеп жатыр. Түптеп келгенде баланы оқыту, денсаулығын қадағалау емін алып, денсаулығын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау аздық етеді. Баланың жарқын болашағы үшін оның қызығушылығын одан әрі жетілдіру, ішкі жан дүниесіне үңілу, әңгімелесу де маңызды. Сондықтан бұндай мекемелер халыққа тигізер пайдасы үлкен әрі бұдан кейінде септігі тиіп, балаларымыз толық емделіп кетсе екен.
БөлісуTweetБөлісуБөлісуЖолдау
Алдыңғы мақала

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

МАҚТААРАЛДА ЖАСТАРҒА БЕРІЛЕТІН 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Оқи отырыңызМақалалар

ТҮРКІСТАНДА  «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАНДА «ASYL MURA» ВОЛОНТЕРЛІК ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

30.06.2025
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

28.06.2025
2
САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
3
ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қоғам

ШАРДАРАДА АУДАН ӘКІМІ АҚПАРАТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КƏСІБИ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

27.06.2025
2
КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қоғам

КЕНТАУДА МЕДИАНЫҢ МИССИЯСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.06.2025
2
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ
Қоғам

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

27.06.2025
2

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

«Жасыл экономиканы» дамытудың шетелдік тәжірибесі

01.10.2022
433

Энергияны үнемдеу технологиясы және энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері           

01.12.2022
356
БАЯНДЫ БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық

11.10.2022
217
ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

ТҮРКІСТАН: САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР – САН САЛАЛЫ МӘДЕНИЕТ ЖЕМІСІ

07.12.2023
167
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – ИГІЛІКТІ ІС

27.09.2022
161

БІЗ ТУРАЛЫ

Төрттаған

Ақпараттық агенттік Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде 08.04.2022 ж. тіркеліп, №KZ92VPY00047746 куәлігі берілген.

САЙТ ЕРЕЖЕСІ

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

РЕДАКЦИЯ

  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Байланыс
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Сайт ережелері
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Руханият
  • Мәдениет
  • Әдебиет
  • Әлемде
  • Тарих
  • Спорт

© 2022 / 4tagan.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар қорғалған.