Бүгінгі таңда Түркістан қаласында 14 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Зейнет жасындағы тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда Белсенді өмір сүру орталығының қызметі мол.
Орталық зейнеткерлерге әлеуметтік-медициналық, психологиялық көмек көрсетіп, бос уақытын пайдалы өткізуге үлес қосып жатыр. Мұнда күнделікті 60-70 зейнеткерге қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін 2000 адамға қызмет көрсету жоспарланып, бүгінгі таңға дейін 636 адам орталық қызметіне жүгінген.
Белсенді ұзақ өмір орталығы 7 бағыт бойынша қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеуметтік-құқықтық; әлеуметтік-ағартушылық; әлеуметтік экономикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-демалыс бағытында жұмыс атқарады.
Жыл басынан бері 1966 қызмет көрсетіліп, зейнеткерлердің қатысуымен 10 іс-шара өткізілді. Сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір сүру орталығындағы зейнеткерлерге тіркелген кезеңдеріне қарай «Мейір» және «Ардагер» КММ демалуға 210 жолдама берілді.
Аталған орталықтың қызметі бойынша +7 777 605 6718 нөміріне хабарласып, мәлімет алуға болады.